№71 (8985) 19

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Жолдау- жарқын болашақ кепілі!

Жолдау- жарқын болашақ кепілі!


Бүгін "Ордакент" ардагерлер үйінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында ақпараттық-насихаттық топ мүшесі, "AMANAT" партиясының ардагері І.Нәрзілдаев коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары қызметкерлерімен, сондай-ақ кент тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Жолдаудағы саяси бастамалар туралы сөз өрбітті. Әділетті мемлекет құрып, берекелі қоғам қалыптастыруға бағыттайтын жаңа Жолдаудың басым бағыттарының мән-маңызын түсіндіріп, еліміздегі жаңа саяси дәуірдің басталуына ықпал ететіндігін атап өтті.

Сонымен қатар кездесу барысында қатысушылар Жолдау мақсаттарының орындалуына белсене жұмыс жасап, лайықты үлес қосуға дайын екендіктерін жеткізді.

#AMANAT

12 қазан 2022 ж. 1 431 0