№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Киелі қалаға саяхат

Киелі қалаға саяхат


Жексенбі күні мүмкіндігі шектеулі 60 бала және 39 әлеуметтік қызметкер, барлығы, 100 адамға Түркістан облысындағы «Арыстан баб» кесенесі, «Керуен Сарай» кешеніне және «Қожа Ахмет Яссауи» мавзолейіне өлкетану максатында тарихи-мәдени орындарға экскурсия жоспарланып, саяхаттап қайтты. Аудан әкімінің қолдауы және Жаңақорған ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің ұйымдастыруымен өткен саяхат жайында аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Аягөз Нұржанқызынан сұрап білген едік.


 – Адам өмірінің мәні мен сәні де – бала. Бала – отбасының мызғымас тірегі, ертеңге деген сенімінің кепілі. Ауданда тағдыр тауқыметіне түсіп, туа бітті кемтарлыққа ұшыраған және жол көлік апатынан мүгедек болған балалар аз емес. Жастайынан тағдыр тауқыметіне тап келген мүмкіндігі шектеулі балалардың өмірге бейімделуі, білім алуы, еңбек етуі, кәсіп игеріп шығуы сынды дүнеиелерді қамтамасыз ете алсақ, үлкен көмек болары сөзсіз. Мұның барлығы үлкен қамқорлықтың, зор қолдаудың, тынымсыз баулудың арқасында ғана іске асады. Мүгедектер мәселесі бүгін ғана пайда болған жоқ, бұрыннан өзекті. Жүйелі жұмыстың нәтижесінде бүгінде мүмкіндігі шектеулі жандар өзгелермен тең дәрежеде қызмет етіп, білім алу құқықтарына ие болып отыр. Осы мақсатта мүмкіндігі шектеулі, есепте тұрған балалардың басын қосып, аудан әкімінің қолдауымен тарихи орындарға саяхат жасауларына мүмкіндік бергенді жөн көрдік. Мақсат, төрт қабырғаның ішінде отырған балаға үміт сыйлап, көңіл күйлерін көтеру. Балалардың қуаныштары кеудесіне сыймай қайтты, – дейді сала басшысы.

Тарихи өлкені аралап, мәзмейрам оралған жандарды күтіп алып қуаныштарымен бөлістік. Расында, бөбектердің көзіндегі жарқылды байқамау мүмкін емес. Үйден ұзап шығып, жаңадан салынған зәулім ғимараттарды тамашалап келген Әбіш Рамазан атты баламен әңгімелескен едік.

– Маған анам екі күн бұрын Түркістан қаласына барасын дегенде, минуттарым өтпей кетті. Үлкен автобусқа отырып, жанымызда апайларымызбен жақсы сергіп қайттық. Жаңадан ашылған ғимараттарды теледидардан көріп, барғым келіп жүрген. Енді өзім барып көрдім. Құдды шетелге саяхатқа шыққандай әсер алдым. Осындай саяхаттар жиі болса қуана-қуана баратын едік, – дейді тәптәтті балапан.

Жолға шығуға жарамайтын, жағдайы ауырлау жандарға Түркістаннан тарту-таралғы ретінде ескерткіш сыйлыққа берілді.
Балалар саяхаттау барысында біршама тарихи орындармен танысып, зиярат етіп, түрлі ойындарын ойнап, жанындағы логопед, психолог мамандары көмекке зәру балаларға қызмет көрсетті. Бір байқағанымыз, балаға бір күн ғана назар аударған жеткіліксіз. Оның болашағының жарқын болуы үшін ұдайы ұтымды шаралар ұйымдастырылып жатса игі.
Саяхатты «Альтаир – бөбек» қоғамдық қоры сүйемелдеп, атаулы шараға салмақты үлес қосты. Бүгінгідей мүмкіндігі шектеулі балалардың көбейіп жатқан уақытында бұндай ізгі сабақтастық өз жалғасын табуы тиіс.
11 қазан 2022 ж. 861 0