№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңақорғанда мүмкіндігі шектеулі жандар тарихи-мәдени жерлерге саяхаттап қайтты

Жаңақорғанда мүмкіндігі шектеулі жандар тарихи-мәдени жерлерге саяхаттап қайтты


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады. Президентіміз «Балалардың үйлесімді дамуы, бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз» деп атап көрсетті. 


Осы орайда Жаңақорған ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің қолдауымен есепте тұратын мүмкіндігі шектеулі 146 балаға және 39 әлеуметтік қызметкер, барлығы 185 адамға тарихи-мәдени орындарға экскурсия жоспарланған болатын. 
«Альтаир-Бөбек» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен мәдени сапар барысында Түркістан облысындағы «Арыстан баб» кесенесі, «Керуен Сарай» кешеніне және «Қожа Ахмет Яссауи» мавзолейіне 99 адам саяхатқа жақсы көңіл күймен барып қайтты.

 Қызметкерлер саяхатшылардың уақытын тиімді ұйымдастыра білді. Балалар біршама тарихи орындармен танысты. Сондай-ақ оларға логопед, психолог мамандары қызмет көрсетті.

«Балаларды әлеуметтік жағдайын қадағалап, материалдық көмек бергеннен бөлек ой-өрісін дамыту да маңызды. Тарихи-мәдени орындарға апарып, қоғаммен байланысын арттыру бағытындағы іс-шаралардың да күн тәртібінен түспегені жөн деп санаймыз. Бүгінгі ұйымдастырылған саяхатымыздан ерекше күтімді қажет ететін балалар жақсы көңіл-күйде жүрде. Тың ақпарат, жаңа ортамен байланысқан олардың қуанышында шек жоқ», - деді қоғамдық қордың өкілдері.   


10 қазан 2022 ж. 869 0