» » » Аягөз Айдосова жаңа қызметке тағайындалды

Аягөз Айдосова жаңа қызметке тағайындалды

Жаңақорған ауданының әкімі Руслан Рүстемұлы Рүстемовтің 2021 жылдың 18 маусымындағы №255-жқ өкімімен Аягөз Нұржанқызы Айдосова аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.


Ол 1963 жылдың 10 қаңтарында Жаңақорған кентінде дүниеге келді. 1990 жылы Алматы шетел тілдері педагогикалық институтын ағылшын тілі мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдады.

Алғашқы еңбек жолын 1988 - 1991 жылдар аралығында Жаңақорған кенті орталығындағы №163 орта мектебінде мұғалім болып бастады. 1991- 1992 жылдар аралығында Жаңақорған аудандық білім бөлімінің әдіскері, 1992 – 2004 жылдар аралығында Халық депутаттары аудандық Кеңесінің іс қағаздарын жүргізуші, аға инспектор, аудандық мәслихаттың ұйымдастыру мәселелері жөніндегі бас маманы, аудандық мәслихат аппаратының бас маманы, 2004 – 2012 жылдар аралығында Жаңақорған ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бастығы, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы, 2012 жылдан бүгінгі күнге дейін аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
21 маусым 2021 ж. 1 565 0