№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Премьер-Министр қант монополисінің қызметін тексеруді тапсырды

Премьер-Министр қант монополисінің қызметін тексеруді тапсырды


Елімізде қанттың негізгі көлемі Жамбыл және Алматы облыстарында орналасқан төрт зауытта өндіріледі.

Бұл ретте елде өндірілген қанттың негізгі көлемін (шамамен 90%) ірі көтерме жеткізушінің сатып алғаны атап өтілді, оның іс-әрекеттерінен тауарды айналымнан алып қою белгілері байқалып отыр, соның салдарынан қанттың нарықтық бағасы 700-800 теңгеге дейін көтерілген, ал өндіруші зауыт оны 420-450 теңгеден сатады.

Қант сатудың динамикасын зерттеу барысында әр айдың соңында компанияда елдің жекелеген өңірлерінде сұранысты ішінара қанағаттандыруға мүмкіндік беретін қалдық қордың болғаны анықталды.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілері бойынша тергеу тағайындады.

Айта кетейік, Жаңақорған ауданының әкімдігі Талдықорған қаласындағы "Көксу" қант зауытымен келісім шартқа отырып, 68 тонна қант жеткізілді. Қазіргі уақытта Жаңақорған кенті орталығындағы "Заңғар" сауда үйінде қант бағасы 510 теңгеден сатылуда.
Бүгін аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы Тілеуімбетовтің бастамасымен Жаңақорған кенті, орталық алаңында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде. Жәрмеңкеде "Заңғар" сауда үйінің иесі қантты 500 теңгеден сатуда.




12 тамыз 2022 ж. 269 0