» » Азық - түлік бағаларына мониторинг жұмыстары жүргізілді

Азық - түлік бағаларына мониторинг жұмыстары жүргізілді


Бүгін 04 қазан күні ауданның ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Талғат Зейдалиев Жаңақорған кентінде орналасқан "Заңғар", "Береке", "Ғани", "Қарабура", "Магнит" секілді ірі сауда үйлеріне 19 түрлі азық - түлік бағаларына мониторинг жұмыстары жүргізілді. 


Мониторинг барысында ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Талгат Зейдалиев кәсіпкерлерге өзіміздің диқаншылық арқылы алынатын картоп, сәбіз бағаларын егістіктен маусымдық шығарылым кезеңінде150 -160 теңге, пиязды 80 теңгеден асырмай сату жөнінді түсіндірме жұмысын жүргізіп, тұтынушылардың өзге де ұсыныстарын назарға алды.
Сауда үйлеріне кірген сәттен тұтынушылар жұмыртқа бағасының күн санап өсіп жатқандығын тілге тиек етсе, сөрелерде кейбір азық-түлік бағалары жазылмағандығын атап жеткізді. Тұтынушылар сұранысына сәйкес баға белгілері қойылмаған ішінара әлеуметтік маңызы бар азық - түліктер қатарына бағалары жазылып қалпына келтірілді. Сондай-ақ жұмыртқа бағасының өсу себептеріне де түсініктемелер жасалды.






04 қазан 2022 ж. 601 0