Канвассинг аясындағы кездесу
Халыққа ең қажетті, әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі азық-түлік өнімдері бағасының қымбаттамауы бүгінгі күннің басты талабының бірі. Мемлекет басшысы міндеттеген бұл тапсырманың орындалуы «Nur Otan» партиясы сайлауалды бағдарламасына да енгізілген.
Осы ретте, . Жақында Жаңақорған кентіндегі «Заңғар» сауда үйінің ішінен әлеуметтік бұрышы ашылған болатын. Бұл бұрышта 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық – түліктер базар бағасынан 10-15 пайызға арзан сатылуда. Бүгін аталған бұрышта «Nur Otan» партиясы Жаңақорған ауданының мәслихат депутаттары Тілеубергенова Асемкул Манапқызы мен Абдукаримова Жаудир Бекахметқызы болып, «Заңғар» сауда үйінің егесі, кәсіпкер Палманов Нұржан Шамшудинұлымен канвассинг кездесу өткіздік. Әлеуметтік бұрыш ашылғалы аудан тұрғындары берілген өлшемдермен әлеуметтік маңызы бар азық – түліктерді саудалап жатқандығын айта келе, бұл да болса, халықты бағасы арзан өніммен қамтудың бір жолы екенін жасырмады. Сондай – ақ пікір алмасу сәтінде ауылдық жерден келген тұтынушы саудасын жасап, өз ризашылығын білдіре отырып, бұл жұмыстар әрі қарай жалғасын тапса игі еді деген ойын жеткізді. Ия, алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмысты ілгерілетуді ауданның ауылшаруашылығы бөлімі жүргізетін болады.
Тілеубергенова Әсемкүл Манапқызы
"Nur Otan"партиясы Жаңақорған ауданы филиалы депутаттық фракциясының жетекшісі, аудандық мәслихат депутаты