№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Қарттарым - асыл қазынам

Қарттарым - асыл қазынам

Байкенже ауылдық клуб үйінде «Қарттарым асыл қазынам» атты 70-80 жас аралығындағы қариялар сайысы болып өтті.

Сайысқа ауылдың қадірменді қариялары – Әлима Әбсаттарова, Балтабай Серкінбайұлы, Рәтай Қалыбекова, Нарзулла Өскенбаев, Ұмсынай Садыбаева сынды ардагерлер сайысқа түсті.

Шараның басты мақсаты – дәстүрлі баталарды дәріптеу, кейінгі ұрпаққа насихаттап, ежелгі салт-дәстүрді жаңғырту.
Қазақ тегінде сөз қадірін біліп, оның құдіретін ұғына білген. Аузы дуалы ақсақалдарға құрмет көрсету арқылы олардың батасын алуға тырысқан. Бүгінгі сайысқа жиналған батагөй ақсақалдардың берген баталары өте мәнді, мағыналы болғаны көпшілік қауымның ыстық ықыласынан-байқалды.

Байқаудың қорытындысы бойынша, бас жүлдені Ұмсынай Сандыбаева, 1 орынды Балтабай Серкінбайұлы, 2 орынды Әлима Әбсаттарова, 3 орынды Рәтай Қалыбекова иеленіп, марапат биігінен көрінді.

Шара соңында барлық қатысушыларға сый-сыйапаттар табыс етілді. Игі істің өтуіне ат салысқан клуб үйінің меңгерушісі Гүлзина Беделбекова мен ауылдың әлеуметтік қызметкері Айсұлу Серікбаева жұртшылықтың ықыласына бөленді. Шараға демеушілік жасаған «Қызылқұм» ЖШС бас директоры Асхант Ниетбаев пен «Байкен-U» ЖШС өндірістік қауіпсіздік бөлімінің басшысы Марат Санаубаевтің қолдауына ауыл басшылығы алғысын білдірді.

Әсел Кеңесқызы
28 сәуір 2023 ж. 683 0