№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Қазыналы қарияларға ақ дастархан жайылды

Қазыналы қарияларға ақ дастархан жайылды


1 қазан - Халықаралық қарттар күні мерекесі аясында Жаңақорған кентіндегі "Данон" мейрамханасында қазыналы қарияларға арналған аудан әкімінің ақ дастарханы жайылды.

Іс - шараға зейнет жасында жүрсе де елдің ынтымақ - бірлігінің артуына үлес қосып, елге қызмет етіп жүрген қазыналы қариялар, ардагерлер кеңесінің, әжелер алқасының белсенді мүшелері қатысты.

Аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы Тілеуімбетов сөз алып, ауданымызда ынтымақ пен бірліктің нығайуына, қазақтың салт-дәстүрі мен әдет ғұрпының сақталуына және ұлттық тәрбиенің өскелең ұрпақтың бойына сіңіруге белсене атсалысып жүрген қазыналы қарияларларға алғысын білдіріп, атаулы мерекемен құттықтады. Сондай-ақ, аудандық мәслихат хатшысы Ғалымжан Жарқынбекұлы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірсерік Тақырбасов, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Қалмухамет Тәжіқұловтар ізгі тілегін арнады.

Мерекелік кеш аудан өнерпаздарының ән - шашуымен жалғасты.





30 қыркүйек 2022 ж. 682 0