Конституция

№49 (8963) 30

30 маусым 2026 ж.

№48 (8962) 27

27 маусым 2026 ж.

№47 (8961) 23

23 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » БАҚ өкілдерімен кездесті

БАҚ өкілдерімен кездесті


Кеше«Сыр медиа» ЖШС-нің брифинг залында «AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиал Атқарушы хатшысы Шәріп Әкбарұлы Әбдрахманов, Қызылорда қалалық маслихат хатшысы, «AMANAT» партиясы қалалық филиалы Саяси кеңес Бюросының мүшесі Құттықожаев Ибадулла Дүйсенбайұлы және «Сыр Медиа» ЖШС Бас директорының орынбасары Дәурен Омаров облыстық БАҚ өкілдерімен кездесті.

Кездесудің басты тақырыбы Мемлекет Басшысы Қ.К. Тоқаевтың «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын мақсаттарды талқылау.

Кездесуді «Сыр Медиа» ЖШС Бас директорының орынбасары Дәурен Омаров келген қонақтарды қатысушыларға таныстырды. Мұнан соң кездесуді «AMANAT» партиясы Қызылорда халалық филиал Атқарушы хатшысы Шәріп Әкбарұлы Әбдрахманов жүргізіп, кездесудің мақсатын баяндап, жолдаудың маңыздылығына тоқталды.

Кездесу барысында қалалық мәслихат хатшысы Ибадулла Дүйсенбайұлы Жолдауда көтерілген басым бағыттарына тоқталып, өз пікірін ортаға салды.

Кездесудің пікіралысу барысында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері өз ойларын ортаға салып, әлеуметтік тұрғыдағы ұсыныстарын жеткізді. Атап айтар болсақ, өңірімізде егілетін ауылшаруашылық өнімдерін өз өңірімізде өңдеу, өндіріс орындарын дамыту, жаңадан жұмыс орындарын ашу мәселелеріне баса назар аудару ұсынылды. Айтылған ұсыныс-пікірлер партия филиалы арқылы назарда болады.

23 қыркүйек 2022 ж. 774 0