» » Жолдау маңыздылығы түсіндірілді

Жолдау маңыздылығы түсіндірілді


Бүгін «AMANAT» партиясының Жаңақорған аудандық партия филиалына қарасты "Қаратөбе" бастауыш партия ұйымында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында кездесу өткізілді.

Жолдауды насихаттауға «AMANAT» партиясы "Қаратөбе" БПҰ төрағасы Дүйсенбиев Жомарт түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық маслихат депутаты Жүмәділов Мақсат Исламұлы Президент жолдауындағы жүзеге асырылуы тиіс бес бағыт жайында түсіндірме жүргізіп, Қазақстан халқы үшін жасалынып жатқан мүмкіндіктерді тиімді пайдалану мақсатында өз үлестерін қосуға шақырды.
14 қыркүйек 2022 ж. 267 0