№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Референдум әділетті Қазақстан құру жөніндегі саяси реформаларды жүзеге асырудың алғышарты

Референдум әділетті Қазақстан құру жөніндегі саяси реформаларды жүзеге асырудың алғышарты


Алдағы референдумның жай-жапсарын түсіндіру, насихаттау мақсатымен таныстыру мақсатында «AMANAT» партиясы облыстық филиалының Атқарушы хатшысы, облыстық штаб төрағасы Ләйлә Төрешова партияның қалалық филиалына қарасты бастауыш партия ұйымдары өкілдерімен арнайы семинар өткізді.

Семинарда сөз алған Атқарушы хатшы бастауыш партия ұйымдарының рөліне тоқталып, саяси науқанда белсінді болуға шақырды.

«Бүгінде партияның Қызылорда қалалық филиалына қарасты 37 бастауыш ұйымдарға топтасқан 248 топ бар. Ал облыста 241 бастауыш партия ұйымдары жұмыс істейді. Олардың құрамында 1000 астам партиялық топ бар. Бүгін барлық бастауыш ұйымдар өкілдерімен референдум маңыздылығына қатысты семинарлар өтуде. Біз барлық сала өкілдерімен кездесіп жүрміз. Оның ішінде шалғайдағы елді мекендерді де қамтуға тырысып жатырмыз. Осы кездесулерде көз жеткізгеніміз – халықтың алдағы референдумға деген көзқарасы жақсы, қызығушылығы жоғары. Айтылған ұсыныстар мен пікірлер де мазмұнды. Сондықтан Президенттің әрбір бастамасына қолдау білдіруші партия мүшесі ретінде 5 маусым күні өтетін саяси науқанда бірлігімізді көрсетуміз керек»,- деді Ләйлә Төрешова.

Өз кезегінде семинар жұмысына қатысушылар референдумның тарихи және саяси маңызына назар аударып, оны қолдайтындарын жеткізді.
25 мамыр 2022 ж. 243 0