№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Президент жолдауын жүзеге асыру бойынша актив отырысы өтті

Президент жолдауын жүзеге асыру бойынша актив отырысы өтті


«AMANAT» партиясының Жаңақорған аудандық филиалы партиялық активі мәжілісі өтті. Күн тәртібінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды.

Партиялық актив мәжілісін «AMANAT» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Мажитов Арман Әбілпейсұлы төрағалық етіп, жүргізді. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша алғашқы болып «AMANAT» партиясы аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Арман Әбілпейсұлы баяндама жасады. Жаңақорған аудандық мәслихатының хатшысы Сопбеков Ғалымжан Жарқынбекұлы Жолдау жайлы өз ойымен бөлісті.

Жиын қорытындысы бойынша партия ардагері Мұсабай Серік Абыдынұлы Жолдауға қатысты бірқатар халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартудың басты бағыттарын атап өтті.

Аудандық партияның Атқарушы хатшысы Арман Мажитов ең әуелі мемлекет басшысының Жолдауын насихаттау бойынша арнайы іс-шара жоспары әзірленіп, бекітуді тапсырды. Екіншіден, Жолдауды насихаттау мақсатында зиялы қауым өкілдері, мәслихат депутаттары, қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйым өкілдері және жастардан құралатын спикерлер пулы жасақталуын атап өтті. Сонымен қатар аудандық Саяси кеңес мүшелері, Бастауыш партия ұйымының және партия филиалы жанындағы Қоғамдық кеңестің төрағалары Жолдауды насихаттауға белсенді қатысуын талап етті және де барлық атқарылатын жұмыстар Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде насихаттау бойынша арнайы медиа – жоспар әзірленіп, іске асырылуын атап өтті.
05 қыркүйек 2022 ж. 344 0