Қарттарым асыл қазынам
Біздің аға буынға ризашылығымызды білдіріп, шынайы көңіл бөлуімізге мүмкіндік беріп қана қоймай, олардың қажеттіліктерін зерделеп, қолдап келген қолдау – қамқорлығымызды көрсетуге айқын жол ашады.
«Ардагерлер» ұйымы республикалық қоғамдық бірлестігінің бастамасымен жылдар бойы елімізде қазан айы «Қарттарымызды қамқорлай жүрейік» айлығы акциясына ұласып келеді. Қазақ халқының дәстүрінде үлкенді сыйлап, ақылын тыңдап, алдынан кесе көлденең өтпеген. Елімізде қарт адамдарға деген қамқорлық жыл сайын артуда.
Мемлекетіміз қарт адамдарға деген қамқорлықты экономикалық дағдарыс кезінде де тоқтатқан емес. Дегенмен, елімізде әлі де болса әлеуметтік көмекке мұқтаж егде жастағы адамдар бар.
Әлемді жайлаған экономикалық қиындықтар біздің елімізді де айналып өткен жоқ. Бүкіл әлем күрделі әрі маңызды кезеңді бастан өткізуде. Кім болсын жасы егде тартқан шағында жылулық пен мейірімге зәру. Міне, сондықтан ауданымыздағы мекеме, ұжым басшыларын, бизнес құрылым өкілдері, аға буының ел игілігіне қосқан еселі еңбегін ұлықтауға, «Қарттарымызды қамқорлай жүрейік» айлық акциясына атсалысса нұр үстіне нұр.
Өз елінің патриоты ретінде акцияға бей – жай қарамай азаматтарымыз жергілікті әкімдіктермен, өңірлік ардагерлер кеңестерімен байланысқа шығып акцияға үлкен үлес қоса білетініне сеніміміз зор. Қолдауларыңызды күтеміз.
Өмірсерік Тақырбасов, аудандық
ардагерлер кеңесінің төрағасы
ардагерлер кеңесінің төрағасы