№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» "Әрбір адам волонтер бола алады"

"Әрбір адам волонтер бола алады"


– Еріктілік – жастардың өз белсенділігін көрсетіп қана қоймай, адамдарға көмек беріп, тәжірибе жинауға, өмірлік маңызды дағдыларды дамытып, әлемді жаңа қырынан көруге мүмкіндік береді. Сондықтан еріктілікке уақыт жұмсау – тұлғалық дамуға құйылған инвестиция деп білеміз. Оған қоса, кешегі Нұр-Сұлтан қаласында өткен республикалық «Біргеміз» атты волонтерлар қатысқан басқосуды БАҚ-тан көрдім. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев волонтерларға бірқатар жеңілдіктер қарастырылатынын тілге тиек етті. Мәселен, алдағы уақытта волонтерлық жұмыс еңбек өтілі болып есептеледі. Волонтер студенттерге қосымша стипендия беріледі және пән кредиттерін жабуға рұқсат беру жөнінде Президент пәрмен берді. Түптеп келгенде, мұның бәрі еріктілерге деген мемлекет тарапынан жасалынып жатқан үлкен қолдау.
Айрықша айта кететіні, Волонтер жылы аясында колледж директоры Жомарт Шауеновтың бастамасымен «Еріктілік – ертеңім үшін» деген еріктілер тобы құрылуда. Оның құрамында тек студенттер ғана емес, оқытушылар да бар. Себебі, еріктілікте жас мөлшері маңызды емес. Тек туған өлкеге деген жанашырлық болса болғаны. Директорымыз Жомарт Абибуллаұлының инциативасымен еріктілердің алғашқы жұмысын сенбіліктен бастағалы тұрмыз. Аудандық орталық мешіттің ауласын тазалау жоспарлануда. Әрине бұған дейін де колледж тарапынан еріктілік жұмысы тоқтаған емес. Аудандық деңгейдегі көптеген шараларда біздің студенттер белсенділік танытып жүр. Жақында ғана аудандық Жастар ресурс­тық орталығымен бірлесіп, ерікті студент жастар қоғамдық орындарда ақпараттық жадынамалар таратуға үлесін қосты.
Алдағы уақытта барлық волонтерлер жиналып қоғамның қай саласына болмасын көмектесіп, өзіміздің бар екенімізді көрсетуіміз керек. Бізде жастар ғана волонтер болады деген қате түсінік бар. Негізі әрбір адамның жүрегінде қоғамға, айналама көмектессем деген сезім болады. Міне сол шынайы сезімдерді оята білсек, Жаңақорғанда еріктілердің саны арта түсері айқын.

Ханзада ДОШАН,
Жаңақорған агралы-техникалық колледжінің жастар ісі-жөніндегі бел­сенді инспекторы:
---
22 ақпан 2020 ж. 951 0