№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әлеуметтік нысандардың әлеуеті

Әлеуметтік нысандардың әлеуеті


Биыл Жаңақорғанда әлеуметтік жобалардың әлеуеті артып, балалар жылына орай бірнеше нысан бой көтерді. Оның ішінде балалар ойын алаңы мен жастар мен жасөспірімдер паркінің құрылысы бар. Бұл жұмыстар қазан айында толық аяқталып, ел игілігіне беріледі. Одан бөлек, аудан орталығында 3 мектептің құрылысы жүргізілуде. Ауылдық жерлерде клуб үйлерінің де іргетасы қаланып, қабырғасы тұрғызылуда. Осындай жүзеге асып жатқан жұмыстардың жай-күйімен танысқан облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов нақты тапсырмаларды түйіндеді.

 Кенттегі С.Сұлтанмұратов көшесіндегі 300 орындық мектептің құрылысына тапсырыс беруші – облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы болса, бас мердігер – «Авангард ПГС» ЖШС. Қаржыландыру көзі – облыстық бюджет, жалпы келісім шарт құны – 990,4 млн теңге. Ал, құрылыстың басталған мерзімі осы жылдың 15 ақпаны, негізі 13 айға созылатын нысанды мердігер мекеме жыл соңына дейін тапсыруды көздеп отыр.

Сонымен көпшілік асыға күткен 3 қабатты мектеп 2 блоктан тұрады. Жалпы мектеп заманға сай, әлеуеті зор ғимаратқа айналатынына сенім зор. Өйткені мекеменің бұл салада тәжірибесі өте мол, сондықтан жыл соңында ел игілігне берілетін болады.

Ал, МАИ бекетіндегі 300 орындық мектептің құрылысымен таныстырған аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы білім беру мекемесінің жыл соңына дейін берілуіне күмән келтірді. Осыдан бір ай бұрын  өңір басшысының орынбасары Мархабат Жайымбетов келгенде жауапты мекеме екінші тоқсанда құрылыс аяқталып, оқушылар жаңа ғимаратта оқиды деген. Бірақ, бұл уәде келер жылға қалатын секілді.

Егер жыл соңына дейін жұмыс аяқталмаса істі сотқа беріп, тиісті шаралар көру керектігін айтқан облыс әкімінің орынбасары жауапты құрылыс басқармасына тиісті міндеттер жүктеді. Өйткені, халық игілігіне берілуі тиіс білім ордасы құрылысының жұмысына жылдан аса уақыт кетті.

Бас мердігер – «Қазқұрылыс Сервис» ЖШС, қаржыландыру көзі облыстық бюджет болса, келісім шарт құны – 720,2 млн теңге. Алайда, түрлі жағдайлар байланысты тағы қосымша қаржы бөлінуде. Тежелудің тағы бір себебі, қазіргі уақытта құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты жоба-сметалық құжаттамаларына қайта қарау жүргізілуде екен. Ал, №169 мектептің су жаңа ғимараты 2-ші тоқсанда міндетті тұрде толық аяқталуы тиіс.

Нұрымбет Сақтағанов әлеуметтік нысандар, оның ішінде балабақшалардың жылу маусымына дайындығымен танысты. Айта кетейік, Жаңақорған кентіндегі «Ақбота», «Алпамыс», «Болашақ» және «Арнайы» мемлекеттік балабақшаларының жылу қазандықтарын газ жүйесіне ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жылу маусымына дейін толық аяқталып, пайдалануға беріледі.

Биыл облыс әкімінің тапсырмасымен Жаңақорған ауданында он спорт алаңының құрылысы басталған болатын. Аталған нысандар қазан айында толық аяқталады. Олар МАИ бекеті, Ипподром және Саяжай мөлтек ауданындағы балалардың спорт алаңының құрылысы. Сондай ақ, облыс әкімінің орынбасары Жаңақорған кенті, Қорасан Ата көшесінің бойындағы Балалар жылына орай жаңадан бой көтерген жастар саябағы құрылысының басында болды. Аталған саябақ осы жылдың қазан айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Соңында Нұрымбет Аманұлы аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес құқық қорғау органдары басшыларының құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері бойынша аудан тұрғындарымен қоғамдық қабылдау өткізді

Әлібек Жарықбаев

20 қыркүйек 2022 ж. 394 0