№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Көлік салығына неге салғырт қараймыз?

Көлік салығына неге салғырт қараймыз?


Былтыр осы кезеңмен салыстырғанда көлік салығы аудан бойынша 35 млн-ға жеткен. Әрине, бұл өте қомақты қаржы. Биыл бұл қарыздың көлемі 15 млн-ға қысқарған, дегенмен бұл да аз ақша емес. Нақты мәліметтерге сүйенсек, темір тұлпары бар 400-ден аса жаңақорғандықтар қарызын төлемей жүргені жазылған. Сонымен қатар, айыппұлы бар және алимент төлеуден жалтарып жүргендерге де арнайы рейдт жүргізіліп жатыр. Күн тәртібіндегі көлік салығы бойынша аудан әкімінің орынбасары Бекболат Шәріпбековтің төрағалығымен арнайы жиын өткізілді.

  Жиынға сот орындаушылары, аудандық кірістер басқармасы, полиция қызметкерлері, «Қазпошта» және кент әкімдігінің мамандары қатысты.

 – Биыл да көлік салығының берешегі 15 млн-ға жеткен. Осыған байланысты бірлескен рейдтік шаралар жүргізілуде. Дегенмен, жұмыс баяулап қалды, жыл соңына дейін берешегі барлардан тиісті қаражатты өндіруіміз керек. Бұл тікелей кент әкімдігінің, Кірістер басқармасының міндеті. Сот орындаушылары мен құқық қорғау саласының да қырағылығы керек. Сосын бір мәселе, салықты борышкерлер «Қазпошта» арқылы төлейді. Төлемде ауыл немесе кент әкімінің нақты есебіне түспейді, осыны реттеп қойсақ, өйткені, берешегі барлар төлегенімен, сатистика өзгермей тұр, – деді аудан әкімінің орынбасары Бекболат Жүнісәліұлы.

 Былтыр қарызы бар тұрғындардың тізімін жауапты сала мамандарынан алып, газетке жариялаған болатынбыз. Борышкерлер көшін бай-бағландар бастап тұрғанын көрдік, әрі сынап жаздық та. Биыл тізімнің көшінен ол кісілердің есімін таппадық. Демек, жұмыс жүргізілуде. Атқарылып жатқан жұмыстардың есебін кент әкімінің орынбасары Жасұлан Бейсенбеков берді.

 – Осы уақытқа дейін салық төлеушілердің саны 491 болса, кешегі рейдтік шаралар негізінде 55 тұрғын айыбын төлеп, 898 273 теңге өндірілді. Берешегі барлардың ішінде 28 қайтыс болған азамат анықталды. Қазіргі таңда сот орындаушылардың өндірісіндегі салық төлеушілердің саны 225-ті құраса, сот орындаушыларына өтпей, кент есебінде тұрған тұлғалардың саны 211-ді құрайды. Жұмыстар жүргізілуде, алайда, түрлі мәселелер туындауда. Төлегесі келмейтіндер де аз емес, сондықтан нақты шаралар көруге тиістіміз, – деді Жасұлан Асанұлы.

 Жиынның нәтижесінде енді әр жұма сайын кенттің кем дегенде екі-үш аумағынан тиісті рейдтік шаралар жүргізілсе, төлемеуге ниетті жандардың көшіндегі кісілерді жаза күтіп тұр. Алайда, бір апта ішінде борышкерлерге тағы бір рет ескертіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Одан да нәтиже шықпаса жауапты мамандар іске көшеді. Дегенмен, шын мұқтаж, әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындар да бар бізде. Олардың да мәселесі қаралатын болды. Оны уақытында көреміз.

 Айта кететіні, аудандық прокуратураның бастамасымен полиция бөлімі, салық қызметкерлері мен сот орындаушылары 24 тамыз бен 12 қыркүйек күндері аралығында «Борышкер» жедел профилактикалық іс шарасы өткізді. Мақсат – борышкерлерге айыппұлдарды, салықты мәжбүрлеп орындату. Оның ішінде, жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алудың тиімділігін арттыру, сондай-ақ қолданған жазаны орындамағаны үшін құқық бұзушылар арасында жазаның бұлтартпастығы қағидатын сақтау.

 – Жаңақорған ауданының полиция бөлімі өз айыппұлдарын келесі тәсілдермен тексеруге және төлеуге болатынын хабарлайды. Электрондық үкімет порталының көмегімен онлайн режимінде «egov.kz». Екінші деңгейдегі банктердің есеп айырысукассалық бөлімшелерінде, сондай-ақ мобильді қосымшаларда интернетсайттар арқылы онлайн-төлем жасау qamqor.gov.kz, Kaspi.KZ, egov.kz. айыппұлдарды интернет-сайт арқылы тексерген кезде сіз «өз айыппұлдарың туралы біл» бетбелгісіне кіресіз, одан кейін көлік иесінің ЖСНін енгізіңіз және фото-бейнетіркеу жүйелерімен тіркелген бұзушылықтар болған жағдайда, сол жерде осы бұзушылықтардың фотосуреттерін басып шығаруға болады. Сондықтан, жол қозғалысы ережелерін бұзбауды сұраймыз, ал егер құқық бұзушылыққа жол берсеңіз, айыппұлды уақытында төлеуге міндеттейміз. Заң бәрімізге ортақ, – деді полиция қызметкері Қанат Қалманбай.

 Біздің мақсат, біреудің жеке мүддесіне қол сұғу емес, әрбір тұрғын өзіне жауапкершілікпен қарап, салыққа салғырттық танытпаса деген ниет. Бұлай жалғаса берсе әркімнің алдымен өзінің әлеуметтік жағдайына кері әсер етеді, екіншіден, ауданның экономикалық көрсеткішіне айтарлықтай салмақ түсіреді.

Әли ТЕМІРБЕК
12 қыркүйек 2022 ж. 258 0