Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тәртіпке бас иген құл болмас...

Тәртіпке бас иген құл болмас...


Жаңақорған ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Мақашов Сұлтан Ысқақұлының төрағалығымен аудан әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөнінде ведомствоаралық комиссияның кезектен тыс отырысы өтті.
Отырысқа аудан прокуроры Әбіш Дарын Елтайұлы, аудандық полиция бөлімінің басшысы Ғани Асанұлы және тиісті комиссия мүшелері қатысты.
Отырыста аудандық полиция бастығы Ғани Асанұлы жыл көлемінде орын алған құқық бұзушылық оның ішінде автокөлік жүргізушілер яғни жол көлік оқиғасы салдарынан орын алған құқық бұзушылықтар жайында баяндады. Шынында да бұл мәселе бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселелердің біріне айналғаны сөзсіз. Өйткені жол көлік оқиғасының салдарынан соңғы айда адам шығыны да аз емес.
Аудан әкімі Сұлтан Ысқақұлы шұғыл түрде Жаңақорған кентіндегі барлық жол белгілері мен бағдаршамдар, жаяу жүргіншілерге арналған кедергілерді қажеттілігіне қарай зерттеу жүргізуге, жүк көліктерін орталық көшелерде емес, кент сыртындағы көше арқылы жүргізуді, көшедегі бейнекамераларды көбейту, елді мекендер аралығында арнайы бекеттер ұйымдастыруды, жол көлік оқиғаларының көбеюіне байланысты мектептерде ата-аналардың қатысуымен бейнероликтер, дөңгелек үстелдер ұйымдастыруды тапсырды.
Сондай ақ, аудандық полиция бөлімінің басшысы Ғани Асанұлының баяндамасында күні кеше яғни 12 қараша күні кент орталығындағы орта мектеп мұғалімінің автокөлікті екінші рет (осыған дейін 3 жылға жүргізуші куәлігінен айырған) мас күйінде басқарып, ұсталған. Осы мәселеге байланысты аудан әкімі мектеп мұғаліміне қатаң шара көруді аудандық білім бөліміне тапсырды.

Нұрбол БАКИРОВ
14 қараша 2019 ж. 1 144 0