№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қарыз – 35 млн теңге. Бұл қалай қалыптасты?

Қарыз – 35 млн теңге. Бұл қалай қалыптасты?

Иә, көлік салығы бойынша ауданда 35 млн теңге қалыптасқан. Мәселенің мәнін түсіну үшін алдымен Жаңақорған ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасынан ақпараттың анық-қанығын сұрадық.
Төл басылымның №72 (8473) нөмірінде «Аудан әкімінің есеп беруі: мәре мен меже» атты мақалада аудан әкімі Руслан Рүстемов көлік салығының көлемі тым көп екенін сынға алған-ды. «Тіркеуде бар, өзі жоқ көлікке көлік салығы есептеледі де, өндірілмейді. Мәселен, біздің ауданда көлік салығына 35 млн теңге берешек қалыптасса, Қазалы ауданында 4 млн теңгені құрайды. Бұл дегеніміз, көлік салығынан берешек қалыптасады және жыл сайын арта береді деген сөз» деп тиісті сала басшыларына нақты тапсырма жүктеді.
Сыр өңірінде біздің аудан әлеу­меттік-экономикалық даму дина­ми­касы жөнінен көшбасшы ауданның бірі. Әрине, бұған қуанамыз! Мақтанамыз. Дегенмен салық, қарыз мәселесінде кемшілік – мін көп.

Кімдер қарыз, қай ауыл көш басында?

Басқарма көлік салығы бойынша 80 мың теңгеден жоғары қарызы бар 36 адамның тізімін ұсынды. Алғашқы он адамды саралайтын болсақ, Бақытжан Тасболатовта – 687 мың теңге, Арман Пахрдинде – 611 мың теңге, Бекзат Бегежанұлында – 412 мың теңге, Еркебұлан Әнуаровта – 391 мың теңге, Қалдықыз Сарсеновада – 325 мың теңге, Гүлнар Әбеновада – 324 мың теңге, Олжас Әмзеде – 323 мың теңге, Нұрбек Бөкенбаевта – 315 мың теңге, Оразхан Құрманбековте – 314 мың теңге берешегі бар.
Әрине, қарыздың қалыптасуын жан-жақты саралаған дұрыс. Аудан басшысы айтқандай, «тіркеуде бар, өзі жоқ көлікке көлік салығы есептелген» немесе сатылып кеткенімен құжаты аудырылмауы себеп болуы мүмкін ғой! Бәлкім, тұрғындар салық төлеуді міндет санамай ма?
Ауылдық округтер бойынша есептегенде Қожакент көш басында, Төменарық, Қожамберді, Сүттіқұдық және Кейденнен бір-бір тұрғынның есімін тізімнен көруге болады. Ал, кент бойынша Түршекұлы мен Сапарбеков көшесінің тұрғындары көш бастап тұр.
Салық мекемесіне барғанымызда түгіскендік тұрғын сатып алушыға көліктің құжатын аудармағанын, соның салдарынан қарызы 200 мың теңгеден асқанын айтып, мұңайды. Міне, ауада қалыптасқан осындай қарыздар көп. Енді оны төлеуі міндет...

Қандай шаралар атқарылуда?

Өткенде аудан әкімінің мәжілісінде полиция бөлімінің бастығы Ғани Тұрсекеев қазалылық әріптестерінің тәжірибесімен бөлісті. Оның сөзінше, салық төлемеген жүргізушінің көлігін айыппұл салатын тұраққа қамап, салықты өндіргеннен кейін шығарып береді екен. Әр аудан халқының менталитеті әр түрлі... Дегенмен қарыз өндірілуі тиіс...
Осыған байланысты аудан прокуратурасы бастап, Мемлекеттік кірістер басқармасы, аудандық полиция бөлімі және жеке сот орын­даушылар қоштап, рейдке шықты. Мақсат – мемлекетке қаржы өндіру және салықтан қордаланған берешегі бар жеке тұлғаларға қатысты мәж­бүрлеп өндіріп алу болатын. Кент орталығындағы Аманкелді көшесінің бойында өткізілген рейдтік іс-шара барысында 8 айыппұлдан бір күнде 187 мың теңге өндірілді.
– «Борышкер» жедел алдын алу іс-шарасы аясында 5 күнінде 749 мың теңге айыппұл төлемеген бо­рышкер ұсталып, қалыптасқан айып­пұлды төлеу түсіндіріліп, қарызды өндіру жұмысын қолға алдық. Сондай-ақ, әкімшілік айыппұлды төлемейтіндерге шара қолдану және анықтау, жазаның бұлтартпастығы қағидатын қамтамасыз еттік. Рейдтік іс-шаралар тек жолдарда ғана емес, әдейі төлемеушілердің тұрғылықты жері бойынша да жүргізілді, – деп хабарлады полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы Марат Қалманбаев.
Жол қозғалысы ережелері мен қоғамдық тәртіпті бұзған азаматтарда айыппұл сомасын азайту мүмкіндігі бар. Яғни, 7 жұмыс күні айыппұл құнының 50 пайызын төлегені абзал.
Біздің мақсат, біреудің жеке мүддесіне қол сұғу емес, әрбір тұрғын өзіне жауапкершілікпен қарап, салыққа салғырттық танытпаса деген ниет. Бұлай жалғаса берсе алдымен өзінің әлеуметтік жағдайына кері әсер етеді, екіншіден, ауданның экономикалық көрсеткішіне айтарлықтай салмақ түсіреді.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
14 қыркүйек 2021 ж. 463 0