Соңғы жаңалықтар

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » ЖОЛДАУДЫ НАСИХАТТАУҒА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

ЖОЛДАУДЫ НАСИХАТТАУҒА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ


«AMANAT» партиясы Жаңақорған  аудандық филиалының ұйымдастыруымен Жаңақорған аграрлы-техникалық  колледжінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Президенті, «AMANAT» партиясының Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» атты Жолдауын насихаттау бойынша жиын өтті.

Жолдауды насихаттауға арналған кездесуді «AMANAT» партиясы Жаңақорған аудандық маслихат депутаты, фракция жетекшісі Әсемкүл Тілеубергенова сөз бастап, Мемлекет басшысының мәні мен маңызы айрықша болған кезекті Жолдауы аясында баяндамалар жасады. Сонымен қатар аудандық маслихат депутаттары Мажит Байқожаұлы мен Бақытжан Берістемұлы сөз алып өз пікірлерімен бөлісіп, Жолдауда айтылған басым бағыттар жөнінде қысқаша түсініктемелер беріп өтті. Жарыссөз кезінде колледж директоры Шауенов Жомарт Абибуллаұлы,  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алмат Құрбанайұлы  жолдаудан туындалар жарқын істерді атап өтіп, осы тапсырмаларды жүзеге асыру үшін бірге іс жасап, бойдағы ерік-жігерді елімізді көркейту жолына арнау азаматтық парыз екенін айтып өтті.
Жиын барысында партияластар Жаңа Қазақстанды құру жолында Президент ұсынған Жолдауды қолдап, қуаттап, бірлесіп жүзеге асыратындықтарын жеткізді.
Бақытжан Төлегенов,
аудандық мәслихат депутаты.

#AMANAT
31 наурыз 2022 ж. 789 0