Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 529

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » 1,5 мың қазақстандық өз кәсібін ашу үшін мемлекеттік грант алды

1,5 мың қазақстандық өз кәсібін ашу үшін мемлекеттік грант алды


1 тамыздағы жағдай бойынша 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 325,1 мың адам қатысты, деп хабарлайды
 Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша кәсіптік оқытуға 8,7 мың адам жіберілді. Өз кәсібін бастау үшін 1,5 мың адам мемлекеттік грант алды.

«Субсидияланатын жұмыс орындарына 122,9 мың адам орналастырылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарымен 12,6 мың, жастар практикасымен 14,6 мың, қоғамдық жұмыстармен 91,7 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 2,4 мың, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында 249 адам, «Күміс жас» жобасы аясында 1,3 мың адам жұмыспен қамтылды», делінген министрлік мәліметінде.

Сондай-ақ қызмет саласын таңдау мақсатында 61,4 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өткен.
24 тамыз 2022 ж. 603 0