Жаңақорған «Жастар ресурстық орталығы» қолдауымен, Қазақстан «Жастар Одақтары» бірлестігінің ұйымдастыруымен, «Балық берме, қармақ бер» жобасы аясында ауданда "Жас кондитер" тегін мастер класы жоғары дәрежеде өтті.
Жан-жақты ұйымдастырылған мастер класқа ауданымыздағы көп балалы, жұмыссыз және өз кәсібін дөңгелеткісі келетін 14 қыз-келіншек қатысты.
Бірлік ауылының тұрғыны, белгілі кондитер Жанар Сейтжаппарова сабаққа онлайн үлгіде қатысушы талапкерлермен де бар білгенімен бөлісіп, қазіргі таңда сұранысқа ие тәтті торттар және творогтан жасалан пирог түрлерін жасауды үйретті. Мастер кластың шәкірттері де қалыс қалмай, қолдарынан келгенше көмек берді.
Шара соңында қатысушылар арнайы сертификаттармен марапатталып, дайындалған тәттілерден дәм татты.
Енді осы талапкерлер алған білімдерін алдағы уақытта өз кәсібінде пайдаланып, сүйікті істерімен айналыса бастаса – еңбектің ақталғаны!
Арайлым ИСМАТОВ