Соңғы жаңалықтар

Көк жөтел ауруы жайлы.

26 сәуір 2024 ж. 75

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Тегін кондитерлік мастер класс

Тегін кондитерлік мастер класс


12 тамыз- Халықаралық жастар күніне орай, Жаңақорған аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ қолдауымен, «Жастар Одақтары» ҚБ-нің ұйымдастыруымен, «Балық берме, қармақ бер» жобасы аясында "Жас кондитер" тегін мастер классы жоғары дәрежеде өтті!


Барлығы 4 сағатқа созылған мастер классқа ауданымыздың көп балалы, жұмыссыз және өз кәсібін дөңгелеткісі келетін 14 қыз-келіншек қатысты.

Бірлік ауылының тұрғыны, белгілі кондитер Сейтжаппарова Жанар ханым @birlik_tattileri қатысушылармен бар білгенімен бөлісіп, қазіргі таңда сұранысқа ие "вупипай", "красный бархат", "творожный пирог" және "молочная девочка" секілді тәттілерді жасау жолын үйретті. Мастер класстың шәкірттері де қалыс қалмай, қолдарынан келгенше көмек берді.

Мастер класс соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталып, дайындалған тәттәлерден дәм татты.

Өз білімімен бөлісіп, ауданымызда жас кондитерлердің көбеюіне адал ниетімен үлес қосқан Сейтжаппарова Жанар ханымға алғысымыз шексіз!

Ал мастер класс шәкірттеріне алған білімдерін алдағы уақытта өз кәсібінде пайдаланып, сүйікті істерімен айналысуына тілектеспіз!

08 тамыз 2022 ж. 430 0