Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Аудан кәсіпорындарына саяхат

Аудан кәсіпорындарына саяхат



Жаңақорған ауданы «Жастар ресурстық орталығы» КММ қолдауымен Қызылорда облысы «Жастар одақтары» ҚБ ұйымдастыруымен 16-Қазан күні Жаңақорған ауданында орналасқан кәсіпорындар мен шаруа қожалықтарында жұмыссыз және NEET санатындағы жастарға экскурсия ұйымдастырылды.
Экскурсияның басы Қыркеңсе ауылдық округінде орналасқан жас кәсіпкер Серік Мырзабаев төрағалық ететін «Бекарыс-С» шаруа қожалығынан бастау алды. Шаруа қожалығында жастарға мал және егін шаруашылығына қатысты жасалып жатқан жұмыстар таныстырылып, пайдаланудағы жаңа станоктардың жұмыс жасауы кеңінен түсіндірілді.
Келесі маршрут Шалхияның тау беткейінде орналасқан «Мелиоратор» ЖШС - де жалғасты. Аталған өндіріс орында қызмет жасайтын Қабыл ағамыз гид қызметін атқарып, жастарға шығатын дайын өнім түрлерінің жасалу механизмімен таныстырып өтті. Труба, құрылысқа қажетті брусчатка, тастың түрлі формадағы өнімдерін қалай өндіретіндігі түсіндірілді. Дамыған технологияның көрінісіне таң қалған жастар көкейіндегі түрлі сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.
Аталмыш шара жастардың дүниетанымын және кәсіпке ден беруін ілгерілетуде орасан зор пайдасы бар.
19 қазан 2020 ж. 619 0