№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Ескірмейтін есті әндер шырқалған кеш

Ескірмейтін есті әндер шырқалған кеш


Жастар арасындағы мәдениет деңгейін анықтау үшін олардың бос уақытты қалай өткізетінін зерттеу маңызды. Ауыл жастарының бос уақытын тиімді пайдалану мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Міне, осыны негізге алған аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы барлық ауылдық округтегі мәдениет саласы өкілдеріне әр сенбі сайын «Ауыл кеші көңілді» атты тақырыпта ән кешін ұйымдастыруды тапсырды. Шараның мақсаты – кейінгі ұрпақ пен аға буын өнері арасындағы байланысты нығайта отырып, келешекті патриоттық рухқа тәрбиелеуге бағытталды.

 Сенбінің кешінде Түгіскен ауылдық клубы үйінің ауласында жиналған өнер сүйер қауым тамаша ән кешіне куә болды. «Ауыл кеші көңілді» атты ауыл өнерпаздары мен тұрғындардың басын қосқан әдемі кешті аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нұрымжан Бұлдырықов пен ауыл әкімі Серік Туғанбаев ашты.

 – Қай кезеңде, қай елде болмасын мәдениет пен өнер халықтың рухани болмысының айнасы, бағдарлы болашағының бастауы. Демек, мәдениеттің өсуі – елдің, ұлттың өсуі. Ал өнерімен өрге жүзгеннің өресі биік болары хақ екенін ескерсек, небір сүлейлер мен ақынжазушыларды, сахна саңлақтарын түлетіп ұшырған Түгіскенде осы күні сол ұрпақтың ізін жалғар кереметтей жастар өсіп келеді. Тек оларға дұрыс жол көрсетіп, бағдарлы бағыт көрсетсек келешегіміз кемел болмақ, – деді Нұрымжан Сәбитұлы.

 Одан әрі кешті ұйымдастырушылар Түгіскеннен түлеп ұшқан тума талант иелері – қобызшы Бұрхан Мұхамеджанов, мәдениет саласының майталманы Әбдірейім Өміров, сазгер, күйші, дерижер Құлахмет Нәлтаев және «Дарын» сыйлығының иегері, әнші Серік Ибрагимовтердің өнер жолына шолу жасап, олардың әр жетістігі үшін қуанып, мақтанатындықтарын жеткізді.

 Сонымен ашық аспан астында, отты алау жанында ретро стильде киінген өнерпаздар сағынышқа толы сағым жылдарға қол бұлғап, жиналған көпшілікті жастық шағына қайта оралтып, ескірмейтін есті әуендерден шашу шашты. Мәселен, «Құдаша», «Арманым», «Жүрегім жүрегіммен егіз бе едің?», «Неге солай», «Көңіл сыры», «Нурикамал», «Құстар қайтып барады», «Мен саған өкпелемеймін», тағы сол сияқты жетпісінші-сексенінші жылдардың хит әндері көрерменге жол тартты.

 Иә, ауыл – халқымыздың бойына нәр құятын алтын бесігі, ұлттық рухтың қуат алар бұлақ көзі. Әсіресе мұны бірлігі мен ынтымағы жарасқан Түгіскен ауылына барғанда байқамау мүмкін емес. Небір талант иелері мен өнер тарландарынан кенде емес ауылдың жайы көзіқарақты оқырманымызға да төл басылым арқылы жақсы таныс. Бұл бағытта ауыл мәдениетінің ауқымы тарылмаса екен деп елдімекеннің гүлденуіне үлес қосып, жастардың бос уақытының сапалы өтуіне жағдай жасап жүрген Бақытгүл Тасхожаева басқаратын ауылдық клуб үйінің жұмысы бір төбе.

 Ел егемендігінің еңселі отыз жылында қазақ өнері мен өркениеті, әдебиеті мен мәдениеті ерекше жанданып, тың серпін алғаны анық. Оның ішінде ауыл мәдениетінің орны ерекше. Сондықтан ұлттық өнеріміз жаңаша дамып, заманауи деңгейге көтерілді. Тәуелсіз еліміздің талантты ұлқыздарына Бекқожа Атақожаев, Сүндет Нәлтаев, Қанат Қалжанов, Ғарифулла Омаров сынды «Аққорған» тобы вокалды инструментальды ансамблінің мүшелері жол көрсетіп, ауыл мәдениеті өз биігінде көрініп келеді. Сонымен қатар Оразәлі Сұлтанов, Ыбырайым Пәттеков, Бақытжан Жұманов, Қамбар Садықов, Нұржан Бақытгүл, Бақыт Тасхожаева, Мәди, Ләззаттар да өнер арқылы өмірдің кең тынысы, тіршілік құбылыстары, адамның әр түрлі сезімі бейнеленетін әндерді жүрекке жеткізіп орындап келеді.

 Әсілінде сөз, әуен, қолөнер адам өмірінің сан ғасырлық тарихынан алуан түрлі сыр шертсе керек. Ендеше қандай ұсыныс немесе тапсырма болмасын кәсіби деңгейде алып шығатын Бақытгүл Тасхожаева басқаратын ұжым бұл жолы да тұрғындарды ерекше сезімге бөледі.

 Концерт соңында ауылдың беделді ақсақалдары ақ тілегін білдіріп, батасын берді. Жиналған халық ауыл өнерпаздарының өнеріне риза болып тарқасты. Мерекелік іс-шараның соңы жастардың би кешіне ұласты. Әнсізкүйсіз өмірдің мәнін елестету қиын ғой. Бұл жолы ауылдық округке қарасты мәдениет қызметкерлерінің өнерін тамашалай отырып, олардың жоғары деңгейлі қабілет-қарымына разы болып оралдық.





Лаура Бибасарова


09 тамыз 2022 ж. 532 0