№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Партия филиалында қоғамдық кеңес өтті

Партия филиалында қоғамдық кеңес өтті


“AMANAT”   партиясы Жаңақорған аудандық филиалында Әлеуметтік мәселелер жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы өтті.
 
 Жиынды “AMANAT” партиясы Жаңақорған аудандық депутаттық фракция жетекшісі, әлеуметтік мәселелер жөніндегі қоғамдық кеңес төрайымы Әсемгүл Тілеубергенова жүргізді. Кеңес отырысына әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңес мүшелері, филиал қызметкерлері қатысты.

 Алқалы басқосуда күн тәртібіне бекітілген екі мәселе қаралды. Бірінші мәселе – медициналық көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін және сапасын арттыру. Осы мақсатта аудандық ауруханада 8 тәжірибелі дәрігер, 2 неонатолог, 1 нефролог, 1 кардиолог мамандарымен қамтамасыз ету жағдайы талқыланды. Сонымен қатар тұрғындар арасында қатерлі ісік ауруын анықтау мақсатында скрингтен уақтылы өткізу бойынша жұмыс жасау маңызды. Бұл жөнінде Жаңақорған ауданаралық аурухананың персоналды басқару және кадрлық жұмысты ұйымдастыру бөлімінің басшысы Гүлназ Бектұрғанова хабарлама жасады.

 Одан әрі “Бақытты отбасы” партиялық жобасы аясында ауданымызда іске асырылуы тиіс және жоба шеңберінде отбасының рөлін арттыруға, отбасылық құндылықтарды нығайтуға ықпал ететін түрлі акцияларды насихаттау мәселелері сөз болды.

Жасұлан СЕЙДЕМЕТОВ

08 тамыз 2022 ж. 333 0