№84 (8997) 7

07 қараша 2026 ж.

№83 (8996) 3

03 қараша 2026 ж.

№82 (8995) 29

29 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Лагерь жазы "Жаңашамен" көңілді

Лагерь жазы "Жаңашамен" көңілді


Тау бөктеріндегі тұмса табиғат аясында орналасқан лагерьге Жаңақорған аудандық мәдениет үйінiң жанынан құралған «Жаңаша» халықтық әзіл-сықақ отауы кезекті шығармашылық кешін өткізді.

Балалардың жазғы демалысын тиімді пайдалану мақсатында ұйымдастыра бiлген «Тау самалы» тынығу лагерi жүзге тарта оқушының көңiлiн «Жаңаша» халықтық әзіл-сықақ отауының көңiлдi әндері мен әзілдері арқылы сергіттi.

Талантын өнермен ұштастырған театр әртістерінің шеберлігі, сахна мәдениетін сақтаудағы біліктіліктері, өздеріне берілген кейіпкердің портретін аша білуі, сондай-ақ сахнаны әсем әнмен тербеуі балалардың өнерге деген қызығушылығы мен құрметін арттыра түскендей болды.

Кеш соңында көрермен көзайымына айналып үлгерген театрға демалушы бүлдіршіндерiмiз өз лебіздерін білдірді.





05 тамыз 2022 ж. 890 0