№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Отбасы мемлекеттің алтын діңгегі

Отбасы мемлекеттің алтын діңгегі

Қазіргі таңда отбасы және бала тәрбиесі – ең өзекті мәселелердің бірі.    Өйткені, отбасы – қоғамның негізгі әлеуметтік институты, адам өмірінің ошағы.
         Елімізде бүгін үйленіп, ертең ажырасумен аяқталатын отбасылар саны артып келеді.
         «Отбасы мемлекеттің алтын діңгегі» дегенді жиі естиміз. Яғни, отбасы құндылығы жоғары, шаңырақ татулығы берік сақталатын елдің келешегі бар.
         Дегенмен, кейінгі кезде құндылықтар құлдырап, шаңырақ шайқалуы оңай болып кетті.
         Жаңақорған аудандық сотына талап қоюшы Е., жауапкер Д-дан некені бұзуды сұраған талап қою арызымен жүгінген.
         Талап қоюшы некеге 2015 жылы тұрып, одан араларында кәмелетке толмаған балаларының барын, жауапкермен мінезі жараспайтынын, одан әрі отбасын сақтап қалудың мүмкін еместігін көрсетіп,  некені бұзуды сұраған.
         Істі қарау барысында сотпен тараптарға олардың дауды медиация тәртібімен реттеу мүмкіндіктері мен құқықтары түсіндірілген.
         Нәтижесінде  тараптар кәсіби медиатордың көмегіне жүгініп, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келіп, оны бекіту үшін сотқа ұсынды.
         Сот ұйғарымымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, талап қоюшы некені бұзуды сұраған талап қоюынан бас тартты және аталған азаматтық іс жүргізу өндірістен тоқтатылды. Төленген мемлекеттік баж алымы талап қоюшыға қайтарылды.
         Тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасау арқылы отбасын сақтап, балалары толыққанды отбасында тәрбиеленуге мүмкіндік алды.
         Бұл өз кезегінде медиацияның отбасы дауларын шешудегі тиімді тетік екенін көрсетеді.
          Жалпы мемлекетке жарық сәуле мен жылу беретін күш - отбасы, ал отбасының оты - ондағы бірлік, ынтымақ және өзара сыйластықтың арқасында мәңгі алаулап жанбақ. Бір, екі және ондаған отбасының құрылымы бір Отанды қалыптастырады.
         Сондықтан да оның отын сөндірмеуге тырысатын әрбір пенде елі үшін қызмет етеді десек, артық айтқандық болмас. Жан дүние жарасым тауып, түсіністік тұғыры биік болса, бәрі де жөн болушы еді.
         Атақты Артур Шо­пенгауэр: «Үйленіп үй болу - жауапкершіліктің екі есе артуы», дейді. Сан жылдар бұрын отбасы құндылықтары туралы осындай іргелі сөздер қалдырған философтардың әлдеқашан бұл мәселенің түйінін ағытып кеткенін ескерсек, дұрыс жолмен жүруге ұмтылыс танытар едік.
         мемлекет мерейін айшық­тай­тын отбасылардың артуына әрқайсымыз да жауапты еке­німізді ұмытпайық!

            Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.

02 желтоқсан 2023 ж. 577 0