№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҮЙЛЕНУ ОҢАЙ, ҮЙ БОЛУ ҚИЫН

ҮЙЛЕНУ ОҢАЙ, ҮЙ БОЛУ ҚИЫН

Қазақта «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген жақсы сөз бар. Әке – ол әрбір істі ойлап барып бастайтын, қамқоршы жан. Анадан гөрі қатал. Әсіресе ер баланың тәрбиесінде оның рөлі айрықша. Әкенің мінезі, өнері мен білімі – ұл баланың өнеге алатын нысанасы. «Сегіз қырлы, бір сырлы», намысшыл ер тәрбиелеу аталар арманы болған. «Әке көрген оқ жонар» деген сөз соны меңзейді.
Ал, қыз бала – ертеңгі келін. Барған жерінде қандай тәрбие алғаны анасынан айшықталады. «Бала ұяда не көрсе ұшқанда соны іледі» демей ме?
Қазақ халқы ежелден-ақ отбасы құндылығын жоғары бағалаған. Мықты мемлекеттің қалыптасуы негізінде отбасы институтының дұрыс сақталуы қажет. Отбасы институты – мемлекеттің мықты іргетасы, қоғамдық тұрақтылықтың алтын қазығы.
Бүгінде отбасы мəселесіне байланысты қордаланған мəселелер жетерлік. Ең алдымен екі жас отау көтеруге серттескеннен бастап өмірлік ұстанымы мен арман тілегі бір болуы керек. Бірақ, қазіргі күні некені сақтап қалу көпшілік үшін қиын сияқты.
Жалпы ажырасуға өздері шешім қабылдаса да, мұның ерлі-зайыптылардың екеуіне де оңай тимесі анық. Өйткені әрбір отбасының өздерінің жазылмаған қағидалары болады.
Жасыратыны жоқ, соңғы жылдары өңірімізде ажырасу деректерінің кең етек жайып жатқаны белгілі. Бұл мәселе қазіргі қазақ қоғамының тағы бір дертіне айналды. Онсызда асыраушысынан айрылып, жартылай жетімдіктің тауқыметін тартып келе жатқан ел ертеңінің қатарына тірі жетімдер де қосылуда.
Әрине аудандық соттың өндірісіндегі неке бұзу, алимент өндіру, қарыз ақша өндіру және де еңбек қатынастарынан туындайтын даулар санатындағы істерді судьялар, кәсіби медиаторлар барынша медиация жолымен татуластыруға тырысып келеді.
Айталық аудандық сот табалдырығын аттаған талап қоюшы Б-ның талап арызы бойынша жауапкер А-дан арадағы некені бұзу туралы азаматтық ісі қаралды.
Талап қоюшы некеге 2003 жылы тұрып, одан араларында кәмелетке толмаған балаларының барын, жауапкермен мінезі жараспайтынын, одан әрі отбасын сақтап қалудың мүмкін еместігін көрсетіп, некені бұзуды сұраған.
Істі қарау барысында сотпен тараптарға олардың дауды медиация тәртібімен реттеу мүмкіндіктері мен құқықтары түсіндірілген.
Нәтижесінде тараптар кәсіби медиатордың көмегіне жүгініп, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келіп, оны бекіту үшін сотқа ұсынды.
Сот ұйғарымымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, талап қоюшы некені бұзуды сұраған талап қоюынан бас тартты және аталған азаматтық іс жүргізу өндірістен тоқтатылды.
Тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасау арқылы отбасын сақтап, балалары толыққанды отбасында тәрбиеленуге мүмкіндік алды.
Бұл өз кезегінде медиацияның отбасы дауларын шешудегі тиімді тетік екенін көрсетеді.
Адамның ашуы алдымен келіп, отбасын ойран-топыр етіп кетсе де, соңынан келген сау ақылдың бәрін жөндеп, сынғанды бүтіндеп, үзілгенді жалғап жіберетін қасиеті бар. Жоғарыда мысал еткен жандардың сот отырысынан кейін де ақылға келіп, ұл-қызының болашағы үшін ошағын қайта жаққаны – нағыз адамшылық.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
24 желтоқсан 2021 ж. 656 0