№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жұбайлар медиация арқылы отбасын сақтап қалды

Жұбайлар медиация арқылы отбасын сақтап қалды


Жаңақорған аудандық сотына талап қоюшы А. жауапкер Ж-дан некені бұзуды сұраған талап қою арызымен жүгінген.

Талап қоюшы некеге 2005 жылы тұрып, одан араларында кәмелетке толмаған 4 балалары барын, жауапкердің ішімдік ішіп тыныштық бермейтінін, одан әрі отбасын сақтап қалудың мүмкін еместігін көрсетіп, араларындағы некені бұзуды сұраған.
Істі қарау барысында сотпен тараптарға олардың дауды медиация тәртібімен реттеу мүмкіндіктері мен құқықтары түсіндірілген.
Нәтижесінде тараптар кәсіби медиатордың көмегіне жүгініп, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келіп, оны бекіту үшін сотқа ұсынды.
Сот ұйғарымымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, іс жүргізу өндірістен тоқтатылды. Төленген мемлекеттік баж алымы талап қоюшыға қайтарылды.
Жұбайлар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасау арқылы отбасын сақтап, балалар толыққанды отбасында тәрбиеленуге мүмкіндік алды.
Бұл өз кезегінде медиацияның отбасы дауларын шешудегі тиімді тетік екенін көрсетеді.

Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
06 желтоқсан 2019 ж. 926 0