Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Туған жерді туризмге айналдыруға болады

Туған жерді туризмге айналдыруға болады


Ежелгі Македонияның патшасы, әлемдік державаның басшысы, адамзат тарихының ең ұлы қолбасшыларының бірі Ескендір Зұлқарнайын өз заманында Үндістан, Мысыр, Орта Азия және Кіші Азия территорияларын басып алған сәттен кейін сол аумақты саяхатшылар көптеп келетін өңір ретінде қалыптастыруды жолға қояды. Арманына жеткен Ескендір осы аталған елдерден әлемнің жеті кереметін шығарады. Осынау айтып кеткен жеті кереметті Қаратаудың баурауында қоныс тепкен құтты топырақ түбіне түбір байлаған емес пе? Оған Сығанақ, Қатынқамал, Хорасан ата, Апанқақ, Ақтас, Төлегетай және Жаңақорған шипажайы мен Орда Сығанақ шипажайы секілді орындарды жатқызуға әбден болады.

Одан бөлек, Сырдың бойындағы Өзгент, Аққорған, Құмиян және тағы басқа шаһарлар тағы бар. Бірақ оған саны ұрып барып келетіндерді тауқыметті жол азабынан қашады, Мұның дәлелі ресми тіркелген 600-ден астам туристік агенттіктердің 85 пайыздан астамы туристерді шетелге тасымалдаумен айналысуында. Ал, бізде инфрақұрылым жетілмеген, сервистік қызмет нашар. Енді көпшілік көргісі келетін қасиетті нысандарды саралап көрейікші.
Сыр бойында орналасқан 2000 жылдық тарихы бар  көне қаланың бірі -Сығанақ. Орта ғасырдағы Сығанақтың саяси тіршілігін, мәдениетін, ұлан-байтақ базарын, қала құрылысын, үйлерін толығырақ жазған ғалымдар Шараффуддин Иазди, Фазулулла Ибн Рузбихан деп жазады академик Әлкей Марғұлан. Олардың баяндауынша, Сығанақ қыр даланың іргесінде әдемілеп салынған шаһар. Қала базарында күн сайын 500 түйе сатылып отырған екен. Бұл қалаға Дешті Қыпшақ, Астрахань жағынан көп дүние келетін болған. Олардың ішінде мыңдаған қой, топталған жылқы, түйе, қымбат ішіктер, тондар, қару-жарақ, қайыңның безінен жасалған жебелер, жібек маталар болған. Өйткені көз тартар көркі мен тарихы тереңде жатқан қасиетті орын Қазақ хандығымен қатар, Қыпшақ, Ақ Орда, Әбілқайыр хандықтарының астанасы болды. Тарихқа сүйенсек «Ұлы Жібек жолының» бір тармағы осы қаланың үстімен өткені де белгілі. Алғашында Сығанақ қаласы шағын бекініс, керуенсарай ретінде салынғанымен, уақыт өте ұлғайып, маңызды, сәулетті қалаға айналды. Қаланың атауы араб деректерінде Х ғасырдан бастап белгілі бола бастаған. Сол кездегі тарихшылар Сығанақты «Қыпшақ даласының гаваны» деп те атаған. Қал ХІІІ ғасырдың басында Шыңғысхан әскерінің шапқыншылығына ұшырайды. Осыған қарамастан XIIІ ғасырдың 2-ші жартысында қайта жанданған. Осы аралықта Сығанақ қаласы саяси, экономикалық орталықтардың біріне айналып,  бұрынғысынша сауда және қолөнер орталығы ретінде танылады. Ал  XVII –XVIII ғасырда бірнеше рет жоңғар шапқыншылығына ұшырайды. Осындай шапқыншылық және басқа да әр түрлі себептермен қала бірте-бірте өзінің қалыпты өмір сүруін тоқтатады.
Осынау қасиетті өңірде қаншама елдің ғұламалары мен ғалымдары, саудагерлері бас қосқан  Ұлы дала өркениетінің болғанын ұмытпау үшін 2016 жылы «Сығанақ тарихи мәдени-қорық мұражайы» қоғамдық бірлестігі құрылды. Оның тағы бір бағыты шетелдік туристер тартып, елімізді әлемге танытатын ірі орталыққа айналдыру талабы күн тәртібінде тұр. Ендеше қайнаған тарихымыздың құпиясын қойнауына бүгіп, сіресіп жатқан Сығанақтай қалашыққа туризм саласы бойынша айрықша мән берілсе деген тілегіміз бар.
Аудандағы келесі керемет «Қатын қамал» үңгірі. Түйенің өркешіндей шөгіп жатқан қатпарлы қарт Қаратаудың басынан не өтпеді десеңізші.
Заманалар бедерінде қарапайым халықтың басына зәрін төккен талай-талай аласапыран оқиғалардың куәсі болған қарт Қаратау елді елдігінен айыра жаздаған жаугершілік заманда талайға пана болды.
Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі қиян-кескі соғыстар осында болған. Қазақта «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген сөз содан қалған. «Қаратаудың басынан көш келеді, көшкен сайын бір тайлақ бос келеді» деген өлең жолдары да осыны білдіреді.
«Қатынқамал» деп аталатын үлкен үңгір жаугершілік заманда қалың қазақ еліне қорған болғанымен белгілі. Қазақ халқының басына күн туған уақытта  жаудан қашқан халық тау басындағы үңгірлерге тығылған. Сонда ел «Қатын қамал» үңгіріне бала-шағасы бар қырық шақты қыз-келіншекті апарып паналатады. Үңгір биік шыңның басында орналасқандықтан жерден тұрып қарасаң көзге шалынбайды. Бұл жердің «Қатынқамал» аталып, зұлмат заманда қаншама аналар мен аруларға қорған болуы ұрпақ үшін ұмытылмас тарихи оқиға.

Айта кететіні, ежелгі адамдар осы таудың қойнауында мекен еткен деген деректер де бар. Оған дәлел тасқа қашалып салынған таңбалы суреттер. Бұндай тарихи орындар біздің аймақта көптеп кездеседі. Ғалымдар болса бұл таңбаларды қола дәуірі мен орта ғасыр аралығында салынған деп жорамал жасаған. Түсінгеніміз, сол замандағы көшпелі тайпалар өздерінің дәстүрі мен діни түсініктерін, аңшылық өнерін сурет арқылы жеткізгісі келген сияқты.
Сондықтан бұл мәдени ескерткіштер біздің халқымыздың тамыры тереңде жатқанын, тарихымыздың өте кең, ауқымды екенін көрсетеді. Тек құпиялы, ғажайып мекеннің әлем халқын таң қалдыратын орындар қатарына қосылатын күні алыс емес екеніне сену керек. Туризм саласына ерекше мән беретін өркениетті елдерде мұндай орындар көзден таса қалмаса керек. Өкінішке қарай, біздің елімізде әлі күнге дейін осындай жерлерге мән берілмей келе жатқаны жасырын емес. Қолға алынса «Қатынқамал» үңгірі талай шетелдіктің таңдай қағатын мекеніне айналары даусыз.

Сондай-ақ, Хорасан ата, Төлегетай-Қылышты, Қылауыз ата кесенесі мен Ақтас мешітінің тарихи мәні тереңде. Туристік маршрут осы ізбен жалғасып жатса құба құп. Себебі «Жаңақорған шипажайы» мен «Орда Сығанақ» емдеу-сауықтыру орталығына сырттан келетін қаншама  қонаққа көзайым кереметтеріміз көп-ақ. Ал бізде бұған бірде-бір жағдай жасалмаған.
2015 жылы Қырымбек Көшербаевтың ықпалымен «Әбдіғаппар-Төлегетай-Қорасан ата» автомобиль жолы орташа жөндеуден өткізілді. Оған қоса, Хорасан ата кесенесінің басында 12 адамдық қонақ үй салынды. Ақтасқа дейін де асфальт жол бар. Сығанақ пен Сауран қаласына апарар жолға тым болмағанда тақтайдай жол төселуін ұйымдастыруға тәуекеліміз жетпей тұрғаны қалай.
Ақтас әулиесі маңындағы емдік суға шипа іздеп келушілер көп. Бірақ мәдениетті демалыс мәселесі ешкімді ойландырар емес.
Айта кететіні, ауданда туризм саласы бойынша 14 субьект тіркелген. Олар: үш шипажай, екі балалар лагері, алты қонақ үй, үш демалыс орны, бес жол бойы қызмет көрсету кешені. Бұл деректі аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Қаржыбек Бүркітбаев айтты.
Туризмдә  дамытудың бірден-бір жолы – қонақ үй бизнесін дамытып, халықаралық брондау жүйесіне көшу, әрі қонақ үйлерде онлайн төлем жүйесінің (POS-терминалдары) қарастырылғаны жөн. Әрі халықаралық стандарттарға сай болуы маңызды мәселе.
         Жылына «Жаңақорған шипажайы» АҚ 14 мыңнан аса адамға қызмет көрсететіні көңілді қуантады. Демалушылар үшін барлық жағдай жасалған. Негізгі емі – «Теріскен» көлінің табиғи батпағы мен тұзды суы. Ал Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық жолының бойында бой көтерген шипажай  «Орда Сығанақта» жылына отыз мыңға жуық адам жанына дауа іздеп келеді. «Бөрітескен» көлінің батпағынан ем-дом қабылдайтын жандар үшін бұл шипажай тарихи орындарға жақын орналасқан және сонысымен ерекшеленді. Ал бұл бағыт сауықтыру туризмін дамытуда таптырмайтын жоба.
Аудандағы туристік бағытты бағдарлап, дамытуға болатын саланы сараладық. Сонымен бастапқы сұрағымызға жауап берейік. Туризмді табыс көзіне қалай айналдырамыз?Біріншіден, сервистік қызмет көрсету – қонақ үй қызметі, такси қызметін жетілдіру керек.Екіншіден, тарихи жерлердің инфрақұрылымы – жол мәселесі, интернет желісі, жарық жүргізу мәселесін шешу керек.
Үшіншіден, қысқаметражды фильмдер, фотоальбомдар жасап насихаттау керек.
Осы үш мәселе шешілсе, туризмді табыс өзіне айналдыруға болады. Ол үшін бұған мемлекеттік деңгейде мән беру керек.

Бір жағынан қазіргі туризмге алдымен бұқаралық сипат та қажет сияқты.Ол үшін мектеп оқушыларын немесе қызығушылық танытқан кісілерді тарихи орындарға жиі апарып тұрған абзал. Сонда ғана бізге ішкі туризмді дамытуға сәл де болса айқын жол ашылады.
Лаура БИБАСАРОВА
26 шілде 2022 ж. 327 0