№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тұтынушыға 305 000 теңге тұратын ұялы телефонның ақшасы қайтарылды

Тұтынушыға 305 000 теңге тұратын ұялы телефонның ақшасы қайтарылды


Қызылорда облысының Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің (бұдан әрі - Департамент) «жедел желі» телефоны арқылы Қызылорда  қаласының тұрғыны азамат Б. тұтынушы құқығы бойынша сұрақпен жүгінді
.

Бұған дейін, тұтынушы Қызылорда қаласында орналасқан сауда үйінен жалпы сомасы 513 000 теңгеге тауарлар сатып алған. Тауарды сатып алған үшін 60 000 теңге бонус түскен. Түскен бонусқа  245 000 теңге қосып 305 000 теңгеге ұялы телефон сатып алған болатын. Ұялы телефон кепілдік мерзімі уақытында ақау бере бастады. Сараптама қорытындысы бойынша «Жарамсыз» болып танылды.

Алайда,сауда үйінің қызметкерлері тек қана төленген 245 000 теңгені қайтаратындығын, ал қалған 60 000 теңге бонустың ақшасын қайтармайтындығын айтқан болатын.

Тұтынушы наразылығымен Департаментке хабарласуға мәжбүр болды.

Департамент қызметкерлері Қазақстан аумағында тұтынушылардың құқығы мен құқықтық мүдделері" Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі-Заң) аясында қорғалатыны жөнінде түсіндірді.

Департамент тарапынан тұтынушыға жазбаша шағым жазып беруге көмек көрсетілді.
Сауда үйінің қызметкерлеріне сатушының сапасыз смартфонды айырбастау немесе қайтару жөніндегі міндеттері түсіндірілді.Сауда үйін наразылықты қарап, тұтынушыға смартфонның ақшасын 305 000 теңгені толығымен қайтаруды ұсынды.

Осылайша, Департаменттің көмегімен тұтынушының құқықтары қалпына келтірілді.Тұтынушылардың құқықтары «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен қорғалғанын естеріңізге саламыз. Қызмет көрсетушілер мен сатушылардан заң талаптарын сақтауды сұраймыз.
25 шілде 2022 ж. 387 0