№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тұтынушыға 200 000 теңге тұратын газ қазандығы ауыстырылды

Тұтынушыға 200 000 теңге тұратын газ қазандығы ауыстырылды


Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігініңТұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қызылорда облысының Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне (бұдан әрі - Департамент) тұрмыстық заттар сататын сауда үйіне (бұдан әрі – Сатушы) қатысты сапасыз құны 200000 теңгеден асатын газ қазандығын (UNO/RIO 31.5квт) ұсыну фактісі бойынша тұтынушыдан жазбаша өтініш келіп түсті. Тұтынушының өтінішіне сәйкесгаз қазандығыбірнеше уақыттан кейін дұрыс жұмыс істемей қалған, атап айтқандааталған қазандық 40 градустан асқанда өзінен өзі өшіп жұмыс істемей қалады. Осыған сәйкес тұтынушы тауардың кемшілігінің кепілдік мерзімі ішінде табылғанына байланысты сатушыдангаз қазандығын ауыстырып беруді сұраған, алайда сатушытауардыңкепілдік жағдайына жатпайды деп өтінішін қанағаттандырылусыз қалдырған.
  Осыған байланысты тұтынушы бұзылған құқықтарын қорғау үшін департаментке жүгінді. Бұл реттедепартамент тұтынушының арызына сәйкес тексеру туралы шешім қабылдап, жұмыстар жүргізді. Тексеру жүргізу барысында сатушы тұтынушымен келісімге келіп, газ қазандығын ауыстырып беруге келісті. Тұтынушы тарапынан департаментке жолданған арыз қайтып алынды.
Осылайша, Департаменттің көмегімен тұтынушының құқықтары қалпына келтірілді.Тұтынушылардың құқықтары «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен қорғалғанын естеріңізге саламыз. Қызмет көрсетушілер мен сатушылардан заң талаптарын қатаң сақтауды сұраймыз.
22 маусым 2022 ж. 398 0