№71 (8782) 7

07 қыркүйек 2024 ж.

№70 (8781) 3

03 қыркүйек 2024 ж.

№69 (8780) 30

30 тамыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Алаяқтықтың кең тараған түрлері мен арбау әдістері

Алаяқтықтың кең тараған түрлері мен арбау әдістері


Бүгінгі таңда интернет алаяқтарының кең тараған арбау әдістерінің бірі – олх.kz жеке хабарландыру сервисі арқылы тауар сату. Олар тауарды сату және сатып алу арқылы пайда табады.

 Тауарлар шын мәнісінде жоқ болуы мүмкін. Ең алдымен өздерінің басқа қалада екенін айтады. Ақшаны картаға аударуын сұрайды. Және де сілтеме жіберемін сол бойынша мәліметтерді толтырсаңыз, ақшаны аударамын деп сендіреді.
 Сілтемені толтырған кезде алаяқтар автоматты түрде картаңыздағы ақшаны шешіп алады. Өз картаңызды басқара алмай қаласыз. Сондықтан олх.kz арқылы тауар сатсаңыз және сізбен сатып алушы хабарласып курьерлік жеткізу қызметі арқылы тапсырысты рәсімдеу сілтемесі арқылы өтуді сұраса, сенбеңіздер! Ол – алаяқтар. олх.kz сайтында жеткізу қызметі жоқ.
 Екінші арбау тәсілі – биржа арқылы ақша табу. Бүгінде биржа арқылы ақша табуға болады. Бірақ та жалған сайттар сол биржаның атын жамылып, алаяқтық жолмен жұмыс істейді. Олардың жалған екенін халық айыра алмайды. Сондықтан қомақты қаражаттарынан айырылып жатады. Сондықтан сайттарды ең алдымен тексеру қажет.

Жаңақорған Ауданы Полиция Бөлімі
07 шілде 2022 ж. 352 0