№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » «Күшік асырап, ит еттім ол балтырымды қанатты»

«Күшік асырап, ит еттім ол балтырымды қанатты»


Кезінде ақын Абай осылай деп айтып кеткен екен. Өзі титтейінен қолында өскен, тәрбиесін көрген адамды ойланбай жамандыққа қиып кете алатын адамдарға қарата астарлап айтқан сөзі бұл. Біз бүгін бұл тіркесті тура мағынасында иттің өзіне арнап таусылып отырған жағдайымыз бар. Неге? Иесіз иттен көп ретте қоғамға айтарлықтай қауіп төніп, зардап щеккен жағдайлар көрініс бере бастады.

 Тәк-тәктемесе ит иттігін істейтін мысалдар кішкентай өспірімдердің өмірін орта жолдан қиған қатыгез оқиғалардың тіркелуі бұған қоғам болып сақтық амалдарына көшуімізді талап етіп отыр.
 Қазақта жеті қазынаның біріне теңейтін мақұлыққа деген көзқарастың өзгеруінен адал серігін өзекке тебу жағдайлары жиіледі. Титтей кезінде тым әдемі қарап, асырап, төбет болған кезінде үйден шығарып жіберудің салдарынан ол иесіз бұралқы итке айналып, аштықтан көзі қарауытып адамға шабуылдауды шығарды.
 Қазақ халқы ерте заманнан итті жеті қазынаның біріне балағанымен бүгінгі таңда, кейбір адамдар үй жануарларына немқұрайлы қарауда. Күшік кезінде асырап, кейін өскен соң көшеге қаңғытып жібереді. Қазіргі уақытта иесіз иттер қоқыс үйінділерінде, базарларда, мал сою алаңдарында көп кездеседі.
 – Соңғы уақытта еліміздің әр түрлі аймақтарында азаматтарға дене жарақатын салу, кейбір жағдайларда кәмелетке толмаған балаларға иесіз иттердің шабуыл жасау жағдайлары жиі тіркелуде.
Қаңғыбас ит пен мысықтардан адамдарға құтыру, эхинококкоз, сальмонеллез, саркоптоз, трихофития, трихиниллез, демодекоз қауіпті жұқпалы аурулары таралады.
Аталмыш ауру түрлері адамға жұғатын болса, ота жасау арқылы ғана емделеді. Ал құтыру – емге көнбейтін, соңы өлімгі соқтыратын қауіпті дерт.
Қызылорда облысы бойынша жыл басынан бері 708 иесіз иттердің шабуыл жасау фактісі тіркеліп, оның 337-сінде кәмелетке толмаған балаларға жарақат салу жағдайы орын алған, – дейді аудандық ветеринария мекемесі басшысының орынбасары Жомарт Нұрқожаев.
Ал аудандық прокуратура бұл жөнінде төмендегідей түсінік берді:
«Жануарларға жауапкерші­лікпен қарау туралы» ҚР Заңында қаңғыбас жануарларды аулау жүзеге асырылмайтыны көрсетілген. Сонымен қатар, жануарларға қатыгездік көрсету ӘҚБтК-ның 407-1-бабы және ҚР ҚК-ның 316- бабы бойынша жауаптылыққа соқтыратыны көзделген. Одан бөлек, жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру, үй жануарларын ұстау және серуендету бөлігінде жануарларға жауапты қарау саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін ӘҚБтК-ның 407-2-бабы бойынша жауаптылық көзделгені көрсетілген.
 Сондай-ақ, ҚР 2021 жылғы 30 желтоқсандағы «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңы 2022 жылдың 2 наурызынан бастап күшіне енді. Ол заңның талаптары бойынша жануардың иесі ненемесе жауапты адамға жауапкершіліктер жүктелген. Атап айтқанда, ветеринариялықсанитариялық, гигиеналық талаптарды сақтай отырып, асырауға және ұстауға, облыстық мәслихатпен бекітілген арнайы қағидаға сәйкес жануарларын есепке алуды, уақытылы вакцинация жасатуды, жануарына жауапкершілікпен қарауды, басқа адамдар мен жануарлардың өміріне немесе саулығына қауіп төндірмеу үшін қауіпсіздік шараларын қабылдауға, қоршаған ортаның, қоғамдық орындардың ластануына жол бермеуге міндеттелген. Тұқым алу қажет болмаса жануарларға стерилизация жасауды қамтамасыз ету бойынша да талаптар қамтылған. Иттерді өз бетінше серуендетуге, қоршалмаған серуендету орындарында тұмылдырықсыз және қарғыбаусыз серуендетуге, он алты жасқа толмағандарға, мас адамдарға серуендетуге тыйым салынады.
 Жаңақорған аудандық прокуратурасының бастамасымен қоғамда орын алып жатқан адамдарға дене жарақатын, ал кейде азаматтардың қаза болуымен иттердің шабуыл жасау деректерін алдын алу болдырмау бойынша полиция бөлімінің қызметкерлерімен жұмыстар атқарылуда. Сондықтан жергілікті тұрғындарды «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңға сәйкес, иттерді күтіп ұстау, олардың байлаудан тыс болуына жолбермеу және бақылаужұмыстарын жүргізу жөнінде ескертеміз.
Сонымен қатар, ҚР Заңының талаптарын бұзғант ұлғаларға ҚР ӘҚБтК-нің 407-бабының 2-бөлігіне сәйкес, әкімшілік шара көрілетіні жөнінде хабарлаймыз».

Баян ҮСЕЙІНОВА
27 маусым 2022 ж. 617 0