ИТ ТӨБЕЛЕСІ БИЗНЕСТІҢ КӨЗІНЕ АЙНАЛДЫ
"Ит – жеті қазынаның бірі" дейтін қазақ ежелден-ақ қазыналы үй жануарын түзде аңға, үйде күзетке ұстаған. Қадір тұтып, серік еткен. Әсіресе, қазақы төбеттердің тұқымын көбейтіп, ұлттық құндылыққа балаған. Ал, бүгінгі сол асыл тұқымдылардың жай-күйі тіпті бөлек.
Иә, бүгінде төбет төбелестіру табыстың көзіне айналып келеді. Бизнес көзіне айналғалы соншалық машина тігілетін сәттер де аз емес. Өңір-өңірлерде ит төбелесі дәстүрі қолға алынды. Әлем, СНГ, Азия сынды чемпионаттарда қазақы төбеттер жиі төбе көрсетіп жүр. Бұрынғының қазақтары мал бағу, оны күзету үшін ұстаған, қазіргінің байлары ермек үшін асырайтын иттерді басқа мақсатқа, атап айтқанда, спорт жарыстарына пайдаланатындар да бар екен. Спорт жарысы болғанда кәдімгідей ережесі бар, арнайы бапкерлер баптаған, жарыстарға қатысқандарға арнайы атақ-дәреже берілетін және белгілі салмақ бойынша күш сынасатын нағыз аламан жарыстың өзі.
Жуырда Жаңақорғанға келген республикалық алабай аламаны тартысты өрбіді. Сондықтан, алабайлардың бағасы да нарықта шарықтап тұр. Осыны ескерген жаңақорғандықтар да жеті қазынның бірін асырауға ниетті. Арасында қатыгездікке барғысы келмейтіндер бизнес үшін күшіктерін сатуды көздеп отыр. Не болса да, табыстың тетігіне айналған төбеттер төбелесі тамырын кеңге жая бастады...