Қасқырдың киесі бар ма?
1) Қасқыр ешқашанда екі рет жұп құрмайды;
2) Терісін тірідей сойып іріп алсаңда -қыңқ -деп қыңсылап дыбыс шығармайды;
3) Қаншығы яғни құртқасы -өмірінде бірақ рет бөлтіріктейді;
4) Күшік кезінен асырасаңда - ешқашанда құйрығын бұлғаңдатып еркелемейді;
5) Иттің иесі болғанымен - бөрінің Тəңірі бар!
6) Қасқырды тек Иттің сырттаны ғана алады. Басқалары қасқырдың исін сезсе, көрсе жанын қоярға жер таппай қыңсылап дірілдеп үйге қашып кіреді;
7) Жазда тауға, қыста жазыққа ұмтылады;
8)Бөлтіріктесе жанындағы елді мекендердің малына шаппайды;
9) Қазақ қасқырды атын атамаған құтырып кетеді деп. Ит-құс деп атаған!
10) Қасқырды терісінің жасалған ішікті жас жігіттерге кигізбеген: белсіздіке ұшырайды деп;
11) Қасқырды ішігін жамылып бораннан өзі аман қалса! қасындағы серігі өлсе! - толық құн - немесе жарты құн төлеген! Өйткені қандай боран болсада адамды суық боран ала алмайды. қасқырды ішгінің жамылған адамды!
12) Қасқырды терісінің үстіне бөстек қылып отырсаңыз 1-2 сағат, күні бойы денеңіз қызып жүреді.
13) Ұлтарақ қылып салсаңыз терісінен аяқ киімге - табаныңыздан еш уақытта суық өтейді!
14) Қазақ бөріні киелі деп пір тұтқан!
15) Қазақ халқы Сонау көне заманнан байрағына туына жалауына көк бөрінің бейнесін бейнелеген!
16) Қасқырды жүрегімен баланы ауыздандырса - Ол бала қасқырдай алғыр əрі тегін болмайды!
17) Қасқырдың тісін,тырнағын. Т.б.нəрселерін Адам баласы бойтұмар қылып тағып жүрсе тіл көз басқа нəрселер ала - алмайды!
18) Түсіңде көк бөрі көрсе əйеодері немесе ер азаматтар əйелі екі қабат кезде - онда Ол Текті туады!
19) Қасқырдың саңғырығы яғни нəжісі жатқан жерге бұралқы иттер т.б. жола майды!
20) Қасқырдың ұрғашысының (айын)-алып жаныңызға салып жүрсеңіз саудада т.б. жерлерде жолыңыз болады! Қасқырдың Қаншығы ешқашанда кеудесінде жаны барда (айын )-қолға түсірмеуге тырысқан жараланғанда оқ тигенде өзінің бөлтірік туар жерін қауып жұлмалап тастаған!
21) Қасқыр сырттан туатын итті .немесе қасқыр алатын күшікті аңлып жүріп өлтіруге тырысады оларда осындай сезімталдық бар!
22) Қасқыр еш уақытта Иттің күшігін бауырында баспайды. Ал ит қасқырдың күшігін бауырына баса береді! Қазақ Тектілері əр түрлі жағдайларға байланысты кейбір азаматтардың нағашысының қолында болып кейін өз жұртына келсе Ит емген - Сүтемген деп атаған - яғни екі киелі əруақты емген деп атаған!
23) Қасқырдың қолына Иттің Қаншығы түсе не өлтіріп тастайды не бəрі жабылып зорлайды!
24) Ит қасқырдан туатын болса ұйығып Қасқыр алатын төбет туады!
25) Қасқырдың асығы мен Иттің асығы бір - біріне ұқсамайды!
26) Ұйлыққан қасқырға Қазақ баласы аңға шықпаған яғни атпаған! Өршелніп кетеді деп! Жазатайым атып қалса екеуінде атып алуға тырысқан! Өйткені біреуі аман қалса, сол күннен бастап сол ауылдың малына жанына шабуыл жасвған.атқан аңшының малынан бөлек балашағасын қырып кетуге тырысқан!
27) Қасқырдың Терісін илеп қанша қайнаған суға бірнеше рет салсанызда өзіне тəн исі ешқашанда жоғалмайды!
28) Өмірінде қасқыр аулап алған,атып алған болсын! адамды аңшыны ие далада немесе таулы орманды жазық жерде болсын! қай жерде болсада Қасқырдың көзінен таса болмайды өмір бой аңлып өтеді!
29) Қасқырды Қазақ халқы ешқашанда азаптап өлтірмеген! Киесінен қорыққан, құрметтеген! Егерде азаптап өлтірсе жаманшылық ұшыраған. Немесе ұрпағына зиян келген!
30) Қасқырдай айлакер, ұйымшыл, ақылды жыртқыш жоқ өмірде!
31) Қасқыр күніне қыста боранды күндері 100 -шақырымнан астам жортады!
32) Аңшылар қасқыр аулаға шыққанда, мылтығының ұңғысының аузын жауып қоятын болған! Өйткені неше шақырымнан болсада мылтықтың исін сезіп қояды!
33) Қазақ халқы бөлтірігін өлтіруге обалсынып апаның алдында бөлтіріктерінің тілерсегін қиып кеткен! Ондай бөлтіріктерін қасқырлар басқа жаққа алып кеткен, қайта малға шаба алмаған яғни жарымжан болып шойнаңдап қалған!
34) Қасқырдың тісі тиген мал.яғни қасқыр талаған қайта қатарға қосылмайды - деп сойып тастаған!
Асан Тұрабаев
Қазақтың əдет-ғұрып,салт-дəстүр кітабына
Қазақтың əдет-ғұрып,салт-дəстүр кітабына