№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жарықбаев Жарқырады

Жарықбаев Жарқырады


Бүгін ерекше қуанышқа бөлендім. Неге дейсіздер ме, ізденімпаз тілші, жас журналист Әлібек Жарықбаев “Amanat” партиясының Amanat медиа сыйлығын алды.

 Елдің медиа саласының майталмандары бас қосқан алқалы жиынды "Amanat" партиясының жауапты хатшысы Асхат Оралов ашып, журналистердің қоғамдағы орны мен ақпараттық замандағы маңызды міндетіне тоқталды.
 Салтанатты іс-шараға Сенат депутаты, қарымды қаламгер, медиа саланың белгілі менеджері Нұртөре Жүсіп, Мәжіліс Төрағасының орынбасары Павел Казанцев, Мәжіліс депутаттары, белгілі қаламгерлер Дархан Мыңбай, Жанарбек Әшімжан және т.б бой көрсетті.
 Биылғы журналистер сыйлығының ерекшелігі жанрлық емес, тақырыптық саланы қамтып, Жаңа Қазақстанның көріністерін сезіндірді. Сарапшылар түскен әрбір мақаланы терең саралап, үздіктерді анықтауда республикалық БАҚ-тан бөлек, облыстық, аудандық деңгейдегі мерзімді басылымдардың мамандарына да басымдық беріпті.
Оның айқын делелі, "Жаңақорған тынысы" газетінің тілішісі Әлібек Темірбекұлының Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығы туралы үздік материалы болып табылды.
Бұл – аудандық газет тілшісінің жеткен ең биік жетістігінің бірі. – Қазір журналистикасының міндеті ауыр, жауапкершігі зор! Әлемдік геосаяси тартыс-тақтығыстардың ақ-қарасын ажыратып, қоғамға объективті, салмақты әрі саралы ақпарат таратудың маңызы артып келеді. Ақпараттық кеңістіктегі шығармашылық иелерін қолдап, қанаттандыруда Amanat медиа сыйлығының орны зор.
Сыйлыққа ие болғаныма қуаныштымын. Эмоциямды сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Қуаныштымын! Маған сенген әріптестеріме, шығармашылық тұрғыда шыңдалуыма көмектескен Қаныбек Әбдуов, Нұрлат Байгенже, Баян Үсейінова сында алдыңғы буын – ұстаздарыма алғыс білдіргім келеді, – дейді қуаныш иесі Ә.Жарықбаев.
Журналистің бұл жетістігі "Жаңақорған тынысы" газетінің бүгінгі мазмұндық деңгейі мен дизайнерлік талғамының биік екенін көрсететіндей.
Бұған дейін де түрлі деңгейдегі спорттық шараларға қатысып, кубокторды жеңіп алып жүрген, жақсы футболшы екенін дәлелдеген Әлібектің қауырсын қалам мен ала допты қатар салмақтап, екеуінен де тұлпар шабыспен келе жатуы көңіл сүйсіндіреді.
Тек қана алға, Әлібек!







Нұрлат БАЙГЕНЖЕ
25 маусым 2022 ж. 402 0