Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 535

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » «AMANAT» медиа сыйлығы – 2022» республикалық байқауына өтінім қабылдау жалғасуда

«AMANAT» медиа сыйлығы – 2022» республикалық байқауына өтінім қабылдау жалғасуда


Журналистер арасындағы «AMANAT» МЕДИА СЫЙЛЫҒЫ – 2022» республикалық байқауына өтінімдер қабылдау жалғасуда.


«AMANAT» медиа сыйлығы БАҚ жанрына қарамастан тақырыптық бағыттар бойынша беріледі. Сондай-ақ, байқауда Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Сөз зергері» сыйлығы, Шерхан Мұртаза және Камал Смайылов атындағы «Телевизия үздігі» және белсенді азаматтық ұстанымы үшін номинациялар қарастырылған.

Өтінімдер 20 маусымға дейін қабылданады. Жеңімпаздар 24 маусым күні салтанатты түрде марапатталады. Биылғы байқаудың үздіктері статуеткасымен және қаржылай сыйлықпен марапатталады.

Байқау жеңімпаздары екі бағыттағы он номинация бойынша анықталады

Тақырыбы бойынша:

• «Жаңа Қазақстанды» құру туралы үздік материал;

• «AMANAT» партиясының трансформациясы туралы үздік материал;

• Әлеуметтік мәселеге арналған үздік материал;

• Аймақ туралы үздік материал;

• Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығы; туралы үздік материал;

• Жастар туралы үздік материал;

• Рухани-мәдени дамуға арналған үздік материал.
Арнайы сыйлықтар:

• Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Сөз зергері» сыйлығы;

• Шерхан Мұртаза және Камал Смайылов атындағы «Телевизия үздігі» сыйлығы;

• Белсенді азаматтық ұстанымы үшін сыйлығы.

Толық ақпаратты amanatpartiasy.kz сайтынан алуға болады.

Байланыс үшін: 8-7172-916-005, 8-778-097-55-23.

Электрондық мекенжай: media_premiya@amanatpartiasy.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
14 маусым 2022 ж. 637 0