№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ПАРТИЯНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХІІІ СЪЕЗІ БОЛЫП ӨТТІ

ПАРТИЯНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХІІІ СЪЕЗІ БОЛЫП ӨТТІ


Бүгін еліміздің саяси өмірінде маңызды әрі тарихи оқиға болды.
«ADAL» партиясы «AMANAT» партиясына қосылды. Бұл туралы партияның кезектен тыс ХХІІІ-съезінде белгілі болды. Партиялардың өзара бірігуі бұл әлемдік тәжірибедегі қалыпты жағдай.
«AMANAT» партиясы қалыптасу тарихында осындай бірнеше кезеңдерден өткен болатын. Қазірде партияның жұмысын модернизациялау барысында барлық әлеуметтік желілерде тікелей хабар тарататын Талқылау диалог алаңы ашылды. Осы және өзге де жұмыстарды ілгерлету барысында «ADAL» саяси кеңесіне қосылуы өте орынды әрі уақытылы деп есептеймін.
Съезде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгіннен бастап AMANAT партиясының төрағасы ретінде өкілеттігін тоқтатынын мәлімдеді. Мемлекет басшысы қаңтар айында партия төрағалығына келген кезде ешбір партияға басымдық бермей саяси тұрғыдан бейтарап болуы қажеттігін алға тартқан еді. "AMANAT" партиясының жаңа төрағасы болып Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошановтың кандидатурасы ұсынылып, бірауыздан сайланды.

"AMANAT" партиясы Жаңақорған аудандық филиалының атқарушы хатшысы:  А. Мажитов  
26 сәуір 2022 ж. 507 0