№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Мал ұрлығына кешірім жоқ

Мал ұрлығына кешірім жоқ


Мал бағып, нәпақасын төрт түліктен тауып жүрген ауылдағы ағайынның бейнетін бәріміз білеміз. Ала жаздай дала төсінде тер төгіп, малдың жем-шөбін шашпайтөкпей жинап алып, ауру-сырқауының алдын алу, күн сайын қора-қопсысын тазалап, жайылып жүріп өрістеп кеткенін сандалып соңынан іздеу де бір ақырет. Малсақ адамның жыл он екі ай көретіні – осы. Ол ол ма, төрт түлікті төрт аяқты түз тағысынан қору былай тұрсын, екі аяқты барымташының залалы мен зардабы жанға батады.


ҚАЗАҚТЫҢ МІНІ – МАЛ ҰРЛЫҒЫ

 «Малым – жанымның, жаным – арымның садақасы» деп отырған берекелі елдің берекесін қашырып, жылқысын үйірімен үйіріп әкететін осы әккілер. Әрине, біз айла-тәсілдерін біле бермеспіз. «Сайда саны, құмда ізі қалмай, ұшты-қилы жоғалып кетіп жатқан ұрлық малдар мен ұстатпай жүрген ұрылар шынында қайда жүр?» деген сұраққа Жаңақорған аудандық сотының судьясы Эльдар Рысқұлов брифинг барысында жауап берді. Оның айтуынша, соңғы жылдары мал ұрлығы үлкен мәселеге айналған. Мәселен осы ағымдағы жылы аудандық соттың іс жүргізуінде сотталушы С есімді азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы ҚКнің 188-1-бабы 3-бөлігі 1) тармағымен қылмыстық іс қаралды.
 – Сотта және іс құжаттарында анықталғандай, сотталушы 2021 жылдың 20 желтоқсанында Жаңақорған ауданы, Түгіскен ауылында тұратын танысы Н есімді азаматтың үйіне қарыз ақшасын сұрау үшін келген. Алайда барымташы берешегі бар азаматтың ақшасы жоқ екенін біліп, ауыл маңындағы жайылымда жүрген малдарды зерделей бастайды. Кешкі сағат 20.00 шамасында ауылдан 5-6 шақырым қашықтықта орналасқан жайылымда жүрген мал ішінен жәбірленуші А есімді ауыл тұрғынына тиесілі бір өгізшені көреді. Оны өзі мініп барған мініс атымен қуалап жүріп ұстап, арнайылап алып барған арқанды өгізшенің мойнына байлап, жетектейді. Солай қарызы бар азамат Н-ның үйіне алып келіп, өгізшені Түркістан қаласындағы мал базарға сатып беруін сұрап, өзі үйіне қайтып кеткен, – деп істің негізін түсіндірді.
 Ұры бұл әрекетін жалғастырып, 2022 жылдың 21 қаңтарында кешкі сағат 22:00 шамасында танысының үйіне қайтадан қарыз ақшасын сұрауға келген. Аталған азаматта ақшаның жоқ екенін білген соң, осы күні ауылдың күн батыс жақ бетіндегі жайылымдық жерге барып, топтасып жайылып жүрген жылқылардың ішінен жәбірленушіге тиесілі 1 жасар тайын арқандайды. Уақыт оздырмай танысы Н-ның үйіне алып келіп, соңғыдан Түркістан қаласындағы мал базарына сатып беруін сұрап, тайды сол үйде қалдырып, өзі жол жүреді. Осының салдарынан жәбірленушіге 250 000 теңге мүліктік шығын келген.
 – Сотталушының мал ұрлығын, яғни бөтеннің малын бірнеше рет жасырын жымқырғаны, сотталушының пиғылы мен іс-әрекетінде оған тағылған айыптағы қылмыстың құрамының нақты болғаны, сотталушының өзінің айыбын мойындауымен қатар, оқиға орнын қараптексеру хаттамасымен, іс бойынша жәбірленушілердің жауаптарымен, куәлердің іске тіркелген жауаптарымен, беттестіру хаттамаларымен және іс бойынша зерттелген құжаттармен дәлелін тапты. Аудандық соттың үкімімен сотталушы ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 3-бөлігі 1) тармағымен кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, – деді судья.
 «Қазақтың бір міні – мал ұрлығы». Өкінішке қарай, Абай атамыз айтқан осы бір міннен әлі де арыла алмай келеміз. Иә, «көш – жүре түзеледі» дейміз. Бірақ, еріншектік пен енжарлық, пиғыл мен пейілдің түзелетін түрі жоқ. Оңай олжаға кенелудің жолын іздеген барымташылықты кәсіп етіп алған. Оған да құрық салатын кез келер, тек бейқамдықты бәсеңдету керекпіз. Құқық қорғау саласы қызметкерлерінің сөзінде жан бар, өйткені көпшілік төрт түлігі қолды болғаннан біршама уақыттан кейін хабар береді. Осының салдарынан қылмысты ашу ұзақ уақытты алатыны айтпаса да түсінікті. Сондықтан ең брінші өз-өзімізге сақ болғанымыз жөн...

Әли ТЕМІРБЕК
25 маусым 2022 ж. 347 0