№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » МАЛ ҰРЛЫҒЫ ӘЛІ МАЗАНЫ АЛЫП ТҰР

МАЛ ҰРЛЫҒЫ ӘЛІ МАЗАНЫ АЛЫП ТҰР

Расында мал ұрлығын ата кәсібіне айналдырған барымташылардың қатары көбеймесе, сирейтін түрі жоқ. Әсіресе карантинді сылтау етіп, біреудің төрт түлігіне көзі түскен ұрылар біздің ауданда да азаяр емес. Осыған дейін медиация заңы арқылы, кешірім беріп, қос тарап татуласып іс сотқа жеткізілмейтін. Соның салдарынан мал ұрлығы көбейіп келеді. Бірақ Қылмыстық Кодекске өзгертулер енгізіліп, ұрылар жазасыз қалмайтын болды. Бұл туралы брифинг барысында сот төрағасы Әлия Түбекбаева сөз етті.

– Қылмыстық Кодекс 188-1 «мал ұрлығы» деген бөлек бап енгізілді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы қылмысқа байланысты арнайы тапсырма берді. Аталған арнайы баптың талабына сәйкес, бір  адаммен жасалған мал ұрлығы үшін бес жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе шектеу жазасы қарастырылады. Егер қылмыс адамдар тобымен сөз байласып немесе бірнеше рет жасалса, оның ішінде мал қорасына, қашаға, өзге де қоймаларға кіру арқылы жасалған жағдайда бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. Егер мал ұрлығы ұйымдасқан қылмыстық топ жасаса, жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады, – деді төраға.
Иә, заң қатаңдатылмаса ұрлықтың азаятын түрі жоқ. Заң күшіне енді, ол жүзеге асып жатырма деген сауал туындады. Сөзімге дәлел болсын, жақында қос азамат ұрлық жасаймын деп сотталды. Брифинг барысында Ә.Түбекбаева мәселенің анық-қанығын былай түсіндірді. Аққорғандық азаматтар ауылдастарының ірі қараларына көз тігіп, біразын жымқырған. М есімді ауыл тұрғыны ҚР ҚК-нің 188-1 бабының 3-бөлігінің 1-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін айыппен сотқа берілген Ал серіптесі ҚК-нің 188-1 бабының 2-бөлігі, 1-тармағы бойынша айыпты деп есептелген.
Ақпан айында басталған барымташылық сәуірге дейін жалғасқан. Кемі 100 мың теңгеден басталатын ірі қара малы апта сайын ұрылардың қармағына ілініп отырған. Басты сот талқылауында қос айыпталушы да кінәсін мойындады. Жәбір көрген тоғыз бірдей ауыл тұрғыны өздеріне келтірілген мүліктік зянды толық өтегенін, оларға кешірім беретінін көрсеткен. Алайда заң ондайды көтермейді. Бір өкініштісі бір азамат өзінің кәмелетке толмаған балаларының бары белгілі болды. Осыған орай, өзіне жеңіл жаза тағайындауын сұрайды.
Сомен сот үкім етті. М есімді азамат кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына ілікті. Ал екінші азамат та кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Міне, осыдан-ақ, көруге болады, кешірім берілгенімен ешкім темір тордан қашып құтыла алмайтыны.
Түйіндей айтқанда, біреудің маңдай термен тапқан төрт-түлігін қолды етіп, оңай пайдаға кенеліп жүрген барымташылардың жолын осылай кескен өте орынды болды. Әйтпесе, ағайынгершілікке салынып, іс сотқа жетпей кешіріле беретін еді. Ал оның кесірі екінші мәрте қылмысқа алып келеді. Сот төрағасы брифинг барысында өзге де қылмыстар туралы нақты деректер келтірген болатын. Оны алдағы уақыттың еншісіне қалдырдық. Әзріге қоғамда көп талқыға түскен мал ұрлығының мән-жайы осылай.
Әли ТЕМІРБЕК
01 тамыз 2020 ж. 384 0