» » «Ұлы Дала діңгегі – әділ Төрелікте»

«Ұлы Дала діңгегі – әділ Төрелікте»


24 маусым - Судьялар және сот қызметкерлері күні.

Елімізде мерекелік күндер тізбесін бекіту туралы Қазақстан РеспубликасыҮкіметі қаулысына толықтыру негізінде атаулы күннің судьялар және сот қызметкерлері күні болып белгіленуі заң талаптары сақталуы жолында қырағы қызмет етіп келе жатқан тұлғаларға шынайы құрметтің айғағы болса керек. Осы орайда, аудандық сот төрағасы Әлия Түбекбаеваның кешелі-бүгін арнайы шақыртумен «Қазақстан» телеканалының «Ашық алаң» мінберінде және «Атамекен Бизнес» теле бағдарламасына сұхбат беріп жатқандығын хабардар етеміз. Одан бұрын төл газетіміздің редакциясында болып, кәсіби мерекеге орай келелі ой өрбіткен сот төрағасының мазмұнды тілек-лебізі бүкіл жарқын өміріміздің тірегі, қоғамның түпқазығы – Заң және оны құрметтеудің асыл міндет екеніне қарапайым оқырман ретінде де жауапкершілгімізді еселей түсетіндігін ескеріп, сот төрағасының лебізін назарларыңызға ұсынып отырмыз.

 Мемлекет ісіндегі барлық мәселе заңнан бастау алады. Қай қоғамды алып қарасаңыз да сот жүйесіне қарап, қоғамдағы биліктің жайы, оның халық мүддесі алдындағы адалдығы туралы пікір қалыптастыруға болады.
Бүгінгінің биі – бірінші кезекте халыққа сот төрелігін шынайы әрі турашылдықпен жүзеге асыруда әділ билігімен танылған мемлекеттік қызметші. Сот төрелігін жүзеге асыру және азаматтардың құқы мен бостандығын қорғау жолындағы қызметте заң қағидаларын қастерлейтін қажырлы талаппен қатар халықтық дәстүрді қазық еткен көреген көз, көсем кеуде, көркем мінез де қажет.
Осы үш ұстаным біріккенде сот төрелігі төбеге шығып, тараптардың құқының теңелуіне, әділдіктің салтанат құруына, сайып келгенде бұқараның сотқа деген сенімінің тереңдеп орнығуына жол ашады.
 Сондықтан қай кезде сот ісінде «жеті өлшеп, бір кескен» пайымды парасат пен пенделіктен жоғары тұрар принципшіл қасиеттің айнымас дос, берік қамал бола алатынын әрбіріміз есте ұстағанымыз ләзім.
Соттың үкімі. Айыпкер орнында отырған адамның ендігі тағдыры осы шешімге байланып тұр. Сондықтан онда қателесуге болмайды. Бұл орайда елімізде сот ісін ізгілендіру бойынша үлкен қадамдар жасалып жатыр.Қазақ қоғамында ертеден келе жатқан билер соты ел басқарудың тамаша демократиялық үлгісін қалыптастырғаны тарихтан мәлім. Талай қара қылды қақ жарып, әділдігін айтып, билігін жүргізген төбе билер есімі ел есінде қалды. Билердің сол кездегі қызметі заңгерлік және бітімгерлік болды. Ел арасында дау туғанда бір би ақтаушы, бір би айыптаушы, үшіншісі төреші болып, бүгінгі судья, прокурор, адвокаттың ролін толықтай атқарды. Ал бітімгер халық пен ханның арасында, екі елдің арасында дәнекер, үйлестіруші, қазіргі тілмен айтқанда дипломат қызметін атқарды. Бүгінде бұл миссияны медиаторлар жүзеге асырып, ағайынның өнбес дау қуғаннан гөрі ұрпаққа үлгісі басым жарасымдылыққа қол жеткізіп жатқаны оңды емес пе?
 Қазақтың зерттеуші ғалымдарының бірі Қаныш Сәтбаев: «Ханда қырық кісінің ақылы болса биде қырық кісінің ары мен білімі бар дейді. «Тура биде туған жоқ» деген Төле бидің көсем сөзі бүгігі күнге дейін кез келген судья үшін кесімді талап тәрізді.
 Сот және құқық саласындағы барша әріптестерімнің осынау биіктен танылуына тілектеспін.

Әлия Түбекбаева
25 маусым 2022 ж. 262 0