» » Сот жүйесінің үздігі

Сот жүйесінің үздігі


Наурыз мерекесіне орай Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ІІ дәрежелі «Сот жүйесінің үздігі» төсбелгісімен Жаңақорған аудандық сотының төрағасы Түбекбаева Әлия Бердібекқызы марапатталды.
Әлия Бердібекқызы судьялық қызметімен қатар, аудандық соттың баспасөз қызметінің үйлестірушісі, облыстық соттың оқу бағдарламаларының үйлестірушісінің Оңтүстік аймағы бойынша көмекшісі, Қызылорда облысы соттарының судья әдебі жөніндегі комиссиясының мүшесі қызметтерін атқарып, қоғамдық шараларға белсене араласады.
Бұқаралық ақпарат құралдарына өзекті мәселелер бойынша, сот тәжірибесіне байланысты мақалалар жариялап, телеарналарға сұхбат беріп, құқық қорғау органдарының өкілдерімен ұдайы семинар сабақтарын өткізіп, брифинг, тренингтерді жиі ұйымдастырады.
Сот төрелігін жүзеге асырудағы табыстары, белсенді қоғамдық қызметі үшін 2015 жылы Қазақстан Республикасы Судьялар Одағы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының алғысымен, 2016 жылы Шиелі ауданы әкімінің алғысымен, 2017 жылы Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының алғыс хатымен, 2017 жылы Қызылорда облысы әкімінің алғысымен, сот жүйесінің оң бейнесін қалыптастыру бағытындағы құқықтық түсіндіру жұмыстарына қосқан елеулі еңбегі үшін 2018 жылы Қызылорда облыстық соты төрағасы мен Қазақстан Республикасы Судьялар Одағы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының алғыс хатымен, 2018 жылы судьялардың кәсіпқойлығы мен біліктілігін арттыру мақсатында қызмет өтілі 5 жылға дейінгі судьялар арасында өткізілген құқықтық турнирге белсенді түрде қатысқаны үшін Қазақстан Республикасы Судьялар Одағы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының алғыс хатымен марапатталған.

Жаңақорған ауданы әкімдігі фейсбук парақшасынан.
20 наурыз 2021 ж. 814 0