№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сырдария өзенінің жалпы жылдық су қоры - 37,2 млрд. текше метріді құрады

Сырдария өзенінің жалпы жылдық су қоры - 37,2 млрд. текше метріді құрады

 

 Облыста суармалы жерлердің жалпы көлемі 254 мың гектарды құрайды. Оның 178,6 мың гектары инженерлік жүйеге келтірілген жерлер. Басты дақыл – күріштің 90 пайызы аймақта өнделетін болғандықтан, суармалы судың 30 пайыздан астамы егістікке қолданылады. Осыған сәйкес суармалы жерлерді қалпына келтіру және айналымға қосу үшін 3 жоба жүзеге асырылмақ. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жансұлтанұлы мәлімдеді.

 -Облыстың ауыл шаруашылық саласы толығымен суармалы егістікке негізделген. Суармалы жерлерде ұзындығы 10 мың шақырымнан астам сумен қамтамасыз ететін және 3 мың шақырымнан астам қашыртқы-дренаждық жүйелер бар. Соңғы 2 жылда өңірдегі су тапшылығына байланысты күріштің көлемі 11 мың гектарға дейін қысқартылып, орнына суды аз қажет ететін дақылдар егілді. Алайда күріш бастыру топырақтың тұздануын төмендетеді. Сондықтан ауыспалы егістік тәртібін сақтай отырып, күріштің көлемін 75-80 мың гектарға тұрақтандыру бойынша жұмыстар атқарудамыз. Сондай-ақ, суармалы жерлерді қолдану үшін 3 жоба қарастырылды. Бұл жобалар 29 мың гектар суармалы жерді айналымға қосуға және 158 мың гектар суармалы егістіктегі ирригация және дренаж жүйелерін жетілдіруге мүмкіндік береді, - деді Қайрат Жансұлтанұлы.  
 Сырдария өзенінің жалпы жылдық су қоры – 37,1 млрд.текше метр. Ал каналдар арқылы берілген су көлемі - 1,1 млрд.текше метрді құрайды.
 - Еліміздің аумағы 8 су объектілері бассейндеріне белгіленген. Солардың ішінде ауқымды және экологиялық проблемалары толық шешілмеген бассейндердің бірі – Арал-Сырдария бассейні болып табылады. Соңғы 3 жылда су тапшылығы орын алғандықтан суармалы егіске 4,1 млрд.текше метрден 3,6 млрд текше метрге лимит қысқартылып белгіленді, - деді Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының бөлім басшысы Сейітхан Абуов.


 - Соңғы жылдары Нарын-Сырдария каскасында орналасқан су қоймасында жинақталған су көлемінің төмендігінен Сырдария өзенінің төменгі ағысында күрделі су тапшылығы орын алды. Жедел қабылдаған шаралардың арқасында диқаншылар өнімдерін жинақтай алды. Дегенмен, су тапшылығы жағдайында бірнеше дақылдардың көлемін қысқартуға мәжбүрміз. Су шаруашылығын реттеу мақсатында 2025 жылға дейін республика бойынша 9 су қоймасы мен 120 каналды қайта реконструкциялау қолға алынбақ, - деді «Қазсушар» РМК Қызылорда облыстық филиалының бөлім басшысы Айдос Асанбаев.

22 маусым 2022 ж. 260 0