№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Өнерлі ұрпақ – өрісті болашақ

Өнерлі ұрпақ – өрісті болашақ


Ел Президентінің биылғы жылды «Балалар жылы» деп жариялауы еліміздегі әрбір сәбидің, бүлдіршінбалалардың бақытты балалығына, қуанышқа толы қызықты сәттеріне есік ашуда. Осы орайда «Әлшекей» атындағы өнер мектебінің шәкірттері «Өнерге қанат қаққандар» атты мерекелік концертін қалың көрерменге ұсынды.

  Өнер кешіне өнер мектебінің директоры Қалдыбай Қошқарбаев, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Елшібек Сатершинов қатысып, жас өрендерге жүрекжарды жылы лебізін білдіріп, концертке қатысушыларға сәттілік тіледі.
 Салтанатты кеште Гүлнар Ибадуллаеваның «Аққу» би тобы «Көкпар» биімен сахна шымылдығын түрсе, әрі қарай Шәрбану Жиенбаева, Құралай Әлиева, Жадыра Алиханова, Гүлнар Әбдішева, Ұлжалғас Батырханова, Ажар Қабланова секілді талайды өнерімен тамсандырып жүрген ұстаздар қауымының тәрбиеленушілері ән мен жырдан, күмбірлеген күйден, мың бұралған биден шашу шашып, әдемі кештің көрермендеріне көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
 – Сахна төрінде тұрған мына балғын балалар біздің болашағымыз. Жүрекке жылу сыйлап, жадыраңқы жаздың лебін сезіндірген бүгінгі кішкентай жұлдыздарымыз құлазыған көңілімізді бір серпілтіп, керемет әсер қалдырды. Бұл біздің биылғы жылдағы алғашқы концертіміз емес. Алайда әрбір шара алдында бойымда балалардан артық қобалжу болатынын жасырмаймын. Бірақ осылар сахнаға шығып, жиналған көрерменннің ыстық ықыласына бөленген сәтте бәрін ұмытамын,
– деген өнер мектебінің ұстазы Сәуле Жүсіпова ұстаздар қауымы мен ата-аналарға ұжым атынан алғысын жаудырды.
Иә жүзімізді жадыратып, жүректегі мұзды ерітетін сәбидің сыңғыр күлкісі екені белгілі. Ендеше ата-ана үшін бөбегінің шат күлкісі мен баянды болашағынан қымбат дүние жоқ. Даңқты батыр Бауыржан Момышұлының «Дүниеде баланың у-шуына жетер не бар?! Одан асқан сазды әуен ойлап табу мүмкін емес» дегені көптің есінде. Балалы үйді базарға теңеген бабалардың сөзі де санамызда. Осыған орай ауданымызда Мемлекет басшысының бастамасын қолдаған өнер ұжымдары көптеген игі істердің себепкері атануда.



Лаура Бибасарова

21 маусым 2022 ж. 517 0