№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жолдау жолымен – білім биігіне

Жолдау жолымен – білім биігіне


Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының 10 басымдығын насихаттау мақсатында «Жолдау жолымен – білім биігіне!» тақырыбында білім бөлімі қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті «Үгіт – насихат бригадалар» байқауын ұйымдастырды.
Аймақтық байқауларда 8 үгіт-насихат тобы іріктеліп, аудандық байқауға жіберілген болатын. №110 мектеп-лицейде 8 ақпараттық-насихат топтың қатысуымен өткен қорытынды кезең қызу тартыспен өтті. Дүбірлі додаға Әлшекей балалар өнер мектебінің «Ұлы дала өрендері», №52 Б.Аралбаев атындағы орта мектептің «Нұрлы болашақ», №209 Ә.Абуталипов атындағы орта мектептің «Түгіскен тарландары», №110 мектеп-лицейдің «Бәйтерек» тобы, Бесарық өнер мектебінің «Өрлеу» тобы, №160 орта мектептің «GGG» тобы, №184 негізгі мектептің «Желкен» тобы, №3 мектеп-интернаттың «Руханият» тобы қатысып, бәсекеге түсті.
Шарада аудандық білім саласы қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Елшібек Сатершинов байқаудың мақсатына тоқталды. «Бұл жай ғана байқау емес, бұл – білім мен біліктілік, өнер мен ғылым ұштасатын шара. Осы межеде елден ерек көріну үшін ұжымның бірлігі, ынтымағы беріктігі сыңға түседі. Біздің ұстаздар тек тәлім-тәрбие беріп қоймай, он саусағынан өнер тамған талант деуге болады. Мұны – осы байқаудан аңғаратын боласыздар», – деді ол.
«Нұр Отан» партиясы Жаңақорған аудандық филиалы төрағасының кеңесшісі Нариман Үсенұлы қашан да жаңалықтың жаршысы борлып жүретін Елшібек Меңлібекұлына Жолдауды халық арасына насихаттауды жаңаша форматта ұйымдастырып отырғаны үшін алғысын білдіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Байқау шымылдығын ашқан №52 мектептің «Нұрлы болашақ» тобы Жолдаудың 20 жылдық тарихына көз жүгіртіп, биылғы Жолдаудың ерекшелігіне, 2018 жылғы Жолдау елде жүргізіліп жатқан жаңғыру үдерістерінің логикалық жалғасы екендігіне көпшілік назарын аударса, №160 мектептен келген «GGG» (Жаңарған жаңашыл жастар) тобы биылғы Жолдаудың өзегі технологияландыру және цифрландыру екенін, келешегі кемел Мәңгілік Елімізде бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгу қажырлы еңбекті қажет ететінін айтты. Сондай-ақ, қиындық атаулыны жеңетін бір-ақ күш бар, ол – бірлік екендігіне мән беріп, жаңа технологиялық қалып біздің қалай жұмыс істейтінімізге, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызға бағыт беруде деген идеяға аса мән берді.
Бесарық өнер мектебі тарих қойнауына жол тарта отырып, еліміздің өткеніне үңіліп, бүгінмен ұштастырып, Жолдаудағы мұғалімдер мәртебесін көтеру, үштілділік, латын әліппесіне көшу идеяларын алға тартса, №110 мектеп-лицейдің «Бәйтерек» тобының қойылымында тарих тереңіне үңіліп, ел тәуелсіздігі жолындағы қиындығы мен шиеленісі мол кезеңдер шежіресін беріп, тұғыры берік тәуелсіздік, рухани жаңғыру тілге тиек болды.
Қожакенттіктер осындай игі іс-шаралар ұйымдастырып, жаңалықтың жаршысы болып жүретін кәсіподақ ұйымына алғыстарын білдіріп, Елбасы Жолдауларының тарихынан сыр шетті. Көпшілікті өз шеберліктерімен дүр еткізіп, әп-сәтте баурап алған Әлшекей өнер мектебінің үгіт-насихатшылары «Жолдау-барша қазақстандықтардың игілігі екендігіне басым бағыт беріп, «Ақылды қалалар» идеясын» алға тартса, №3 мектеп-интернаттың «Руханият» тобы туған облыс тарихынан сыр шертіп, облысымыздағы рухани жаңғыру бағытында атқарылып жатқан шараларға мән берді. Қойылымдарының тұла бойынан туған жерге деген ыстық ықылас пен құрмет, мақтаныш сезімі байқалып тұрған №209 мектептің «Түгіскен тарландары» үштілділік саясатын басты назарға алды. Түгіскендіктер «Елім деген Елбасы бар, Елбасы деп соңынан ерер ері бар!», – деген қорытынды жасап, «Қазақстан-мәңгілік ел!» – деген тұжырымды ұсынды.
Байқау қорытындысы бойынша «Түгіскен тарландары» – «Ең үздік идея» номинациясына, Әлшекей өнер мектебі – «Ең үздік насихатшы», манаптықтар – «Ең үздік пиар тобы», Бесарықтықтар – «Ең үздік өнер»,қожакенттіктер – «Ең үздік әуенді топ», «Нұрлы болашақ» тобы – «Ең үздік сценарий», мектеп-интернаттың «Руханият »тобы – «Ең үздік шығармашыл топ » номинацияларына ие болды. Ал байқаудың бас жүлдесі – 50 мың теңгенің сертификаты мен «Ең үздік бригада» атағын №110 мектеп-лицейдің «Бәйтерек» тобы жеңіп алып, облыстық байқауға жолдама алды. Сондай-ақ, байқау барысында өз өнерімен ерекшеленген бір топ қатысушылары Абзал Атахожаев, Қайрат Шайхысыламов, Жадыра Алиханова, Ақнұр Қабылбаева, Қайрат Айымбетов, Ерсұлтан Мұстафаев, Асылжан Өтебаев, Айдана Маханова, Абылай Сұлтан «Нұр Отан» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының «Алғыс хатымен» марапатталып, барлық қатысушы топ мүшелеріне бағалы сыйлықтар берілді.

Айсұлу Пазылова.
13 наурыз 2018 ж. 1 514 2

Гость Jeahulalf от 24 ақпан 2019 12:59
Generic Doxycycline Drugs Buy 2.5mg Cialis Online levitra economico Viagra Cialis Ou Levitra

Гость Jeahulalf от 13 наурыз 2019 15:05
Antibiotics For Sale Uk priligy sur ordonnance Acheter Cialis Veritable Generic Priligy Buy 240 Buying Amoxicillin Trihydrate 500mg