№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Белбеу күресінен бабындамыз

Белбеу күресінен бабындамыз


Киелі Түркістан қаласында жалауы желбіреген белбеу күресінен ерлер және әйелдер арасындағы ҚР-ның кубогында Сыр балуандары атой салды. Оның ішінде жаңақорғандық балуандарға бұйырғаны 2 алтын, 6 күміс және 4 қола. Әбдісаттар Садықов бастаған бапкерлерден тәлім алатын білекті балуандар жалпы есепте көш бастады.

Соңғы он жылыдқта Жаңақорғанда еркін және белбеу күресінің қарқыны қатты. Еркін күрес мектебі егемендіктен бері қалыптасса, белбеу күресінің көкжиегі кеше көтерілді. Елдің бірнеше дүркін чемпиондары мен әлемнің мықтыларын шығарған №8 ОРМБЖ спорт мектебінен әлі талай оғландар өсір келеді. Кешегі көрші өңірде өткен жарыстан осыны аңғардық.

Сонымен ұлттық құрамаға іріктейтін чемпионаттың алғашқы жарыс күнінде бозкілемге қыздар көтерілді. Чемпионаттың фавориті саналған 66 келідегі жерлесіміз Жұлдыз Жұмахан жанкүйрлер үмітін ақтады.

– Бұл мен үшін тағы бір бағындырған белес болды. Ел кубогі болған соң барымды салдым. Бұйырса ендігі мақсат әлем кубогі, содан соң әлем чемпионаты күтіп тұр. Бұйырса алтын аламын деген арман бар. Оған дайынмын, – деді чемпион.

Ересектер сапын былтыр ғана толтырған жас балуан әлемдік аренада бұған дейін өнер көрсетіп, үздік үштікте түйіндеген. Өзі айтқандай негізгі тұғыр алтын алқа болғалы тұр. Сәттілік дейміз, ал, 76 келіде аймақ аыбройын қорғаған Нұрбану Убайдулла ақтық сынға бір табан қалғанда сүрініп, қола үшін белдесуде өзінің бабын бір көрсетті. Десе де, үкілеп қосқан қыздар үмітті ақтап, Мереке мен Меруерт салып кеткен сара жолды жалғады. Енді олар осы бетінен таймаса әлемдік бәсекелерді көк туды  көкте желбірететін болады.

Жарыстың келесі күнінде белбеу күресінің еркін түрінен балуандар өнер көрсетті. Алдымен жеңіл салмақтағы жігіттер жарысты бастады. 62 келіде Бекзат Алдаберген мен 75 келіде өнер көрсеткен Наурызбек Мамыт финалға дейін қарсылас шақ келтірмеді. Тек ақтық сында сәл сәттілік жетпей, қос балуан да күміспен күптелді. 90 келіде қос апайтөсімізді додаға қосқан едік. Ағайынды Нұрлыбек пен Айберген өз салмақтарында қоланы мойынға тақты. Ал, алыптар айқасында 100 келі салмақ дәржесінде Мансур Рахымжан да қоланы қанағат тұтты.

- Жарыс жоғары деңгейде өтті. Барлық өңірдің балуандары бабында екен. Мақсатымыз алтын болатын, өйткені чемпиондар күзде Уфа қаласында өтетін Әлем кубогінде бақ сынайды. Одан кейін самбо, қазақша күрес турнирлері бар, биыл да жастар бабында, – деді Әбдісаттар бапкер.

Күрестің классикалық түрінен жігіттердің барлығы ақтық сынға шықты. 75 келідегі Наурызбек Мамытқа бұл жолы да күміс бұйырды. Еркін айналымда жүлдеден қағылған Нұрлан Пайзеллаев (82 келі) бұл сында барын салып, күмісті төбесіне көтерді. Мансур Рахымжан мен 100 келіден аса салмақта жарыс жолына шыққан Нұрберген Алдабергенге де бұйырға екінші орын болды. Тек әлемді бағындырған Айбергенге ешкім қарсылас атана алмады.

– Қандай чемпионат болмасын үздік екенімді дәлелдегім келеді. Кубок, чемпионат болсын, 90 келі менің салмағым екенін әлі талай дәлелдеймін. Ағайларыма, қолдаушыларыма, командаға мың алғыс. Енді әлемдік бәсекеде алтынмен ораламын деп уәде беремін, – деді чемпион.

Жарыс нәтижесі көрсеткендей, Алдаберген әулетінің төрт бірдей перзенті кубок жолында жүлдесіз қалмады. Бір ауданның, оның ішінде бір шаңырақтың ұлдары аймақтың асын асқақтатқаны үлкен мақтаныш. Енді оларды әлемдік сынның биігінен көретін боламыз.

Аслан Нұрқожаев, Гүлжан Жұманов сынды жаттықтырушылардың шәкірттері енді ТМД ойындары мен әлемдік сында барын салуы тиіс. Ол алдағы уақыттың еншісінде.



 Әлібек Жарықбаев

14 маусым 2022 ж. 506 0