№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Белбеу күресінен бәсіміз биік, болашағы ше?

Белбеу күресінен бәсіміз биік, болашағы ше?


Жаңақорғандық белбеу күресінің балуандарының аймақ спортында алар орны ерекше. Тіпті, ел чемпонатында да біздің балуандардың тұғыры төрде. Жақында ғана Түркістан облысы Темірлан кентінде өткен жастар арасындағы ел біріншілігінде бұған тағы көзіміз жетті. Біздің жастарға бұйырғаны: 4 алтын, 4 күміс және 2 қола жүлде. Жалпы Сыр елі 20 жүлдемен командалық сында көш бастады.


Әбдісаттар Садықов басқаратын №8 спорт мектебінің балуандары белбеу, қазақ және дзюдо күресінен ел біріншілігінен жүлдесіз оралған емес. Ересектер арасынан үнемі үздіктер қатарынан түспейтін едік, енді осы жеңісті жолды жастар жалғап келеді. 2001-2003 жылы туылған жастар алдымен белбеу күресінің еркін түрі бойынша сынға түсті. Бұрымды балуандар арасынан 48 келіде өнер көрсеткен Балымай Төлегенге тең келер ешкім табылмады. Бозкілем төрінде барлық қарсыласын алып ұрған жерлесіміз жеңіс тұғырында алтынды мойынға тақты. Ал, 68 келіде сынға түскен Жұлдыз Жұмаханға күміс бұйырды, ол ақтық сында қарсыласына жол беріп қойды.
Жарыстың келесі күні бозкілемге жігіттер көтерілді. Жеңіл салмақты балуандар белдесуінде бәсекелестік көп болды. 57 келіде Бекзат Алдаберген мен 68 келіде бақ сынаған Айберген Мәукенбай да күміспен күптелді. 62 келіде жарыс жолына шыққан Ермахан Қамар қоламен қуантты. Ал, 75 келі салмақта Наурызбек Мамыт пен 90 келідегі Айберген Алдабергенге қарсылас тең келмеді.
– Бұған дейін де чемпионаттар мен турнирлерде бақ сынап жүрдім. Тәжірибем толықты, енді ересектер арасында үздкі екенімді көрсеткім келеді. Оның да ауылы алыс емес, сондықтан қолдау көрсетіп жүрген жақындарыма және бапкерлеріме үлкен алғыс білдіремін, – деді А.Алдаберген.
Ал, жарыстың классикалық түрі­нен де олжасыз емеспіз. 75 келіде Сағындық Мұхаммедхан алтынмен оралса, Өмірзақ Нұрасыл (85 келі) күміс,
Мәукенбай Айберген (70 келі) қоламен қорытындылады.
– Чемпиондар енді Ташкентте өтетін әлемдік додада ел намысын қорғайтын болады. Уақыт тығыз, дайындықты пысықтап жатырмыз, бұйырса осы нәтижемен оралуға жұмыс жасайтын боламыз. Одан кейін ТМД елдері арасындағы халықаралық жарыс күтіп тұр. Ол Қазан қаласында өтеді, оған да психологиялық және физикалық тұрғыдан дайынбыз, – деді Әбдісаттар Садықов.
Жастарға сәттілік серік болсын дейміз, мақала жазу барысында белбеу күресінің болашағы туралы ізденуге тура келді. Өйткені, бұл спорт Олимпиада бағдарламасына енгізілмеген, сондықтан қазіргі жастардың ертеңі не болады деген сауал көпті алаңдатады.
Жалпы спортшылар спорттық мансабын аяқтағаннан кейін бапкерлік қызметке ауысады немесе басқа да саласына бет бұрады. Ал, белбеу күресінің балуандары ше?
Біз мысалды кешегі әлем және ел чемпиондары Мереке Құдайбергенова мен Меруерт Әбубәкірден бастайық. Олар белбеу күресімен қатар, самбо, дзюдо және қазақша күрестен де бақ сынап келеді. Ел чемпионаттарында Сыр елінің атынан сынға түсіп, жүлдемен қуантып жүр, кім біледі дзюдодан бағы жанып жатса, әлем, тіпті олимпиада шыңынан да көріп қалуымыз ғажап емес. Сондықтан бұл спорт түрі де қазір әлемдік реитингте алар орны ерекше. Ең бастысы, аудан спортының беделін асқақтатып жүр­ген балуандарға алғыс айтамыз. Оларға қарап балғындар бой түзеп келеді. Тек жеңісті күндер көп болсын!

Ролан БІРЖАН

19 мамыр 2021 ж. 444 0