№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Чемпион қыздар

Чемпион қыздар


Белбеу күресінен жаңақорғандық қос бұрымды балуанға Қазақстанда әзірге ешкім тең келер емес. Жақында Ақтөбе қаласында өткен ел чемпионатында Мереке Құдайбергенова мен Меруерт Әбубәкір кезекті рет алтын тұғырдан көрінді. Ерлер мен әйелдер арасында өткен Қазақстан чемпионатында облыс құрамасы 10 жүлде жеңіп алып, жалпы командалық есепте күміспен түйіндеді.


Алдымен белбеу күрестің еркін түрінен бозкілемге Назерке Əбілтаева көтерілді. Қызылордалық қыз 52 келіде қарсылас шақ келтірмеді. Жастар арасында жалындап жүрген ол енді ересектер арасында мықты екенін көрсетті. Ал біз күткен Мереке 76 келі салмақта сынға түсті. Ол бірінші айналымда қарағандылық Сабира Қыс­таубаеваға қарсылас атанды. Оны жеңгеннен кейін жолы қостанайлық қыз Әйгерім Сатаевамен түйісті. Оны да оңай еңсеріп, жартылай сында Елорда төрінен келген Фариза Габдуллинамен кездеседі.
– Шыны керек, бұл жарыс мен үшін өте маңызды еді. Өйткені, әлем чемпионатында өнер көрсетіп, тағы да алтынмен қуантқым келді. Әрі спорттық мансабымды, физикалық дайындығымды пысықтап алу мақсаты тұрды. Қазақ күресі, дзюдо мен самбодан алда жарыстар күтіп тұр. Шүкір, бабымда екенмін, енді әлмедік додада атой салуым керек, – деді чемпион қыз.
Ал, ақтық сында Мереке Ақмола облысынан келген Нұрсая Сарайдан жерлесінің кеткен есесін қайтарды. Өйткені Нұрсая жартылай сында біздің балуан Алисаны ұтып кеткен болатын. Алиса Нұртас болса қоламен қуантты.
Ал, 76 келіден жоғары салмақта Меруерт жарыс жолына шықты. Алдымен Меруерт қарағандылық Фариза Есіркеппен белдесті. Қарсыласын жақсы білетін жерлесіміз қиындықсыз жеңіп, келесі кезеңге өтті. Ол ширек сында жарыс қожайыны Арайлыммен бозкілемге шығып, оны да қапы қалдырды. Жартылай сында шымкенттік ару Лаура Дустаеваға қарсылас атанды, оны да шалып та ұрды, алып та ұрды. Ақтық сында қарсыласы тағы бір Сыр балуаны Арайлым Оразбай Меруертке қарсылас атанды.
– Арайлым жас, әрі жігерлі балуан, болашағы бар. Шыны керек, Мереке екеуміз қанша рет чемпион атанғанымызды ұмытып та қалдық. Ендігі мақсат дзюдодан ел біріншілігінде жүлде алу, мүмкіндік болса халықаралық жарыстарда Қазақстанның атын шығарып, абыройын асқақтату, – деді Меруерт.
Мұхамедхан Сағындық (75 келі), классикалық түрінен Рахманберді Әбдірашит (82 келі) күміс жүлдені еншілесе, Жұлдыз Жұмахан (66 келі), Нұрлан Пайзеллаев (75 келі), Рақымжан Мансұр (82 келі) қола жүлдемен қуантты. Жалпы Жаңақорғанда белбеу күресінің мектебі қалыптасқан, әсіресе түгіскендік балуандардың бағындырған белесі бір төбе. Мереке мен Меруертке расында елде тең келер балуан табылмай тұр. Белбеу күресінің қыр-сырын меңгеріп, әдіс-тәсілін тереңінен түсінген қос қыздың мақсаты тек әлем чемпионы атану. Бұл тұғырды олар бағындырған, енді тағы да мықты екендерін көрсеткісі келеді. Бұл жетістікте Сыр өңірінің аға жаттықтырушысы Әбдісаттар Садықовтың еңбегі зор. Бапкердің шәкірттері талай бәсекелерде оза шауып, елдің туын асқақтатып келеді.
– Чемпион атанған қыздар биыл қазан айында Қазан қаласында (Ресей) өтетін Әлем чемпионатына қатысады. Біздің негізгі қарсыласымыз ресейлік балуандар, шәкірттерім бабында. Бұйырса алтынмен сүйіншілейтін боламыз, барлығы уақыттың еншісінде, тек жаттығудан қол үзбей, жақсы көңіл-күйде болуымыз керек, – деп жоспарымен бөлісті.
Айта кететіні, Мұхаммедхан Сағын­дық пен Арайлым Оразбай осы жүлделері арқылы «Қазақстан Республикасының спорт шебері» нормативін орындады. Әбдісаттар Садықовпен бірге балу­андарды жарысқа Аслан Нұрқожаев пен Гаухар Бекетаева дайындады.

Әлібек ТЕМІРБЕК
06 сәуір 2021 ж. 795 0